2023 жылғы 21 ақпанда сағат 11:30 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Маулен Айманбетов Қарағанды қаласына барып, өңірлерге жұмыс сапарларын жалғастырды. Қарағанды облысы әкімдігінің қабырғасында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесу өтті.

Кеңес барысында жер учаскелерін бөлу және инженерлік коммуникацияларды жүргізу, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мәртебесі қаралды, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға отандық жергілікті құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілердің қатысу мәселелері талқыланды.

Азаматтық-құқықтық мәміле туралы шартқа қол қойылды. Аталмыш шарт шеңберінде объектілерді салу бойынша жұмыстар кешенін (жобалау-іздестіру жұмыстары, құрылыс-монтаждау жұмыстары) және көрсетілетін қызметтерді (авторлық және техникалық қадағалау) жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, Жобаны басқару бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қойылды, оның аясында Samruk-Kazyna Construction (мектептердің нысаналы құрылысы жөніндегі Дирекция) және Қарағанды облысының тиісті басқармалары ұлттық жобаны іске асыру бойынша міндеттемелерді өздеріне жүктейді.

Анықтама: Қарағанды облысында 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салу жоспарланған. 10 мектептің құрылысын 2024 жылы (2023 жылы басталады), 8 мектепті 2025 жылы (2024 жылы басталады) аяқтау жоспарлануда.

Төрағасының блогы