2023 жылғы 22 ақпанда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Семей қаласына барып, өңірлерге жұмыс сапарларын жалғастырды. Сағат 8:00-де Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевпен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Абай облысында 2023-2025 жылдары Samruk-Kazyna Construction ұлттық жобаның нысаналы құрылыс дирекциясы бола отырып, 2024 жылы 5 мектептің, ал қалған 6 мектептің құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.

Әрі қарай сағат 9:00-де Басқарма Төрағасы талшықты цемент тақтарының (фиброцементная плита) өндірістік желісін ашуға жоспарлаған «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС зауытына барды. Аралау барысында Бас директор Асхат Мирманов жобамен таныстырып, зауыт құрылысының мерзімдерін, құрылыс материалдарын импортты алмастыру бойынша инвестициялық қызмет аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырылды. Аталмыш инвестициялық бағыт бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «MetalFormer» ЖШС Астана қаласында шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыт салуға кіріскен болатын. Осыған орай, жақын арада «MetalFormer» ЖШС-нің өндірістік потенциалы талшықты цемент тақтарына арналған металл бекітпелер жасауға, сондай-ақ бұйымдарды сырлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Отандық нарықтың алдын ала талдау қортындылары бойынша, 2000 орындық бір мектепке есептегенде талшықты цемент тақтарымен қаптау, тас қаптау материалдарымен (гранит, травертин) салыстырғанда орташа есеппен 41,1%-ға арзан (176 085 658 теңге). Сонымен қатар, тас қаптау материалдарын қолдану қасбеттің ауырлығына әкеледі, бұл ғимараттың іргетасын, тірек қаңқасын қосымша нығайтуды қажет етеді және тұтастай алғанда объектінің бүкіл құрылысының қымбаттауына әкеп соғады.

 

Анықтама: Талшықты цемент панельдері – бұл көптеген артықшылықтары бар заманауи жоғары технологиялық материал, атап айтканда: экологиялық таза (негізгі химиялық байланыстырғыш цемент); сенімді (өндіріс процесінде 4 қабаттан бөлшек-цементті түзіледі); ылғалға төзімді (атмосфералық әсерлерден қорғайды); отқа төзімді (жалынды таратпайды), аязға төзімді (пайдалану географиясын кең); биотұрақты (саңырауқұлақтардың, жәндіктердің және кеміргіштердің әсеріне қарсы тұрады).

Төрағасының блогы