2023 жылғы 23 ақпанда сағат 11:30-да «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Астана қаласының Әкімі Жеңіс Қасымбекпен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесті.

Кеңеске құрылыс, білім беру, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық пен көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармаларының басшылары қатысты.

Жиналыс барысында мектеп құрылысы үшін жер телімдерін ресімдеу мәртебесі қаралды, инженерлік желілерді жүргізу, сондай-ақ болашақ мектептердің аумағын жоғары жылдамдықты интернетпен (талшықты-оптикалық байланыспен) қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Елордада 24 мектеп салу жоспарланған. Жер телімдерін бөлудің ұзақ рәсімдерін назарға ала отырып, 2023 жылы 16 мектептің құрылысы басталады, оның бірі ҚР Оқу-ағарту министрлігімен келісілгеннен кейін мемлекеттік жеке серіктестік тетігі арқылы жүзеге асырылатын болады. Қалған 8 мектептің құрлысына 2025 жылы кірісуге жоспарланған.

Сонымен қатар, кездесу барысында Астана қаласында салынып жатқан Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына кірме жолдарды қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Бұл жобаны «Объектілерді салу компаниясы» КҚ жүзеге асыруда.

Барлық көтерілген мәселелер бойынша Елорда Әкімі Астана қаласының жауапты басқармаларына тиісті тапсырмалар берді.

Төрағасының блогы