2023 жылғы 24 ақпанда сағат 15:30-да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Құрылысқа және жобалауға арналған кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Алдын ала талқылау «Samruk-Kazyna Construction» АҚ онлайн сатып алу платформасында өтті (https://skcn.qaz.network). 161 әлеуетті өнім берушіден конкурстық құжаттамаға 227 өтініш түсті. Атап айтқанда, шарттың орындалуын қамтамасыз ету, кепілдік ақшалай жарна мен банк кепілдігін беру, шартты жеңілдіктер алу шарттары, консорциум көшбасшысына және оның құрамындағы қатысушыларға қойылатын талаптар бойынша түсініктемелер, сондай-ақ өтінімдерді техникалық ресімдеудің басқа да мәселелері келіп түсті.

Кеңейтілген құрамда Samruk-Kazyna Construction қызметкерлері келіп түскен әрбір өтінішті талқылап, пікір алмасты, қол жеткізілген шешімдердің қорытындысын шығарды және «дайын күйде тапсыру» жобалау және құрылыс бойынша кешенді жұмыстарды жеткізушілерді анықтауға бағытталған конкурс жариялау туралы ұйымдастыру жұмыстары анықтады.

Талқылау барысында бизнес-қоғамдастық жеткізген келесі ескертулер мен ұсыныстар ескерілді:

- тәжірибені растау кезінде құрылыс саласы кеңейтілді. Егер әлеуетті өнім беруші бас мердігер ретінде жұмыс істеген болса, соңғы 5 жылда (ағымдағы жылды есептемегенде) пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің ауданы есепке алынады;

- жасалған шарттар бойынша сот талқылауының болмауы және әлеуетті жеткізушіні оңалту рәсімі туралы талаптар алынып тасталды.

Кеңес қорытындысы бойынша Басқарма Төрағасы жауапты қызметкерлердің алдына кері байланыс құралдарын жетілдіру міндетін қойды.

Төрағасының блогы