2023 жылғы 23 ақпанда сағат 17:30-да Қазақстандағы Saraiva+Associados өкілдерімен кездесу өтті.

Басқосу барысында Астанадағы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-на тиесілі 27 га жер телімінде көпфункционалды тұрғын үй кварталын жобалау перспективасы талқыланды.

Кездесу барысында Басқарма Төрағасы өз көзқарасын жеткізіп, әлемдік деңгейдегі жаңа ауқымды кварталдық кеңістікті жобалау бойынша жоғары стандартты белгіледі. Осыған орай, S+A компаниясы тұрғын үй кешенінің тұжырымдамасы мен мастер-жоспарын ұсынады, ол тұрғындарға барлық деңгейде жайлылығын қамтамасыз етуі тиіс, бірақ ең алдымен ол қауіпсіздік, құпиялылық және технологиялық жарақтандыру сияқты маңызды базалық қажеттіліктерді жабуы тиіс.

Тұрғын үй кварталының функционалдығы көшеге шықпай-ақ әлеуметтік кеңістіктерге, қоғамдық нысандарға және әртүрлі әрекеттердің динамикалық қоспасымен үйлесетін ерекше тұрғын жайларға қол жетімділіктен тұрады.

Өз кезегінде, Қазақстандағы Saraiva+Associados өкілдері кездесу үшін алғыс айтып, болашақ ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Анықтама: Saraiva + Associados (S+A) компаниясын 1996 жылы Лиссабон қаласында сәулетші Мигель Сарайвамен құрылған. S+A қызметі сәулет пен қала құрылысын ғана емес, сонымен қатар дизайн және тұрақтылық саласын қамтитын қызметтердің кең ауқымын қамтиды. Лиссабон қаласында орналасқан шығармашылық орталықта жүзден астам қызметкер бар. Сондай-ақ, S+A компаниялар тобының кеңселері 9 елде ұсынылған. 2011 жылдан бастап ол жыл сайын ағылшын Building Design журналы жариялайтын WA100 әлемдік рейтингінің әртүрлі санаттарына кіреді және биыл S+A әлемдегі ең ірі сәулет компаниялары арасында 87-ші орынға ие болды.

Төрағасының блогы