2023 жылғы 31 наурызда сағат 18.30-де (Астана қаласының уақыты бойынша) «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «дайын күйінде тапсыру» жобалау және құрылыс бойынша кешенді жұмыстарды сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдауды аяқтады.

45 адамнан тұратын комиссия жұмысын бастады, оның ішінде: конкурстық комиссияның 13 мүшесі, сараптау комиссиясының 21 мүшесі және 11 бақылаушы. Байқаушылардың 11 мүшесі тізіміне «Атамекен» ҰКП, ҚР ОАМ және «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңестерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың (Астана, Қарағанды облысы, Ақмола облысы) өкілдері кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 7 наурызында құрылысы 2023 жылға жоспарланған 185 мектеп бойынша конкурс жарияланды. Мердігерлердің өтінімдері skcn.qaz.network онлайн платформасында электронды түрде қабылданды. 7-31 наурыз аралығында конкурс өткізу туралы хабарландыруды 70 000-нан астам рет қаралды, түрлі сұрақтармен 1632 қоңырау келіп түсті.

Әлеуетті өнім жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қабылдау аяқталғаннан кейін веб-портал компанияның атауын және өтінімді беру күні мен уақытын көрсете отырып, ашу хаттамасын қалыптастырды.

SK Construction 185 мектеп шеңберінде 17 облыс пен  республикалық маңызы бар 3 қала бойынша 20 конкурсты жариялады. Атап айтқанда, Түркістан облысы (28), Алматы облысы (24), Астана қаласы (15), Алматы қаласы (13), Маңғыстау облысы (11), Шымкент қаласы (10), Ақтөбе облысы (10), Қызылорда облысы (10), Атырау облысы (9), Қарағанды облысы (9), Ақмола облысы облыс (9), Жамбыл облысы (8), Батыс Қазақстан облысы (7), Қостанай облысы (6), Абай облысы (5), Шығыс Қазақстан облысы (5), Жетісу облысы (2), Павлодар облысы (2), Солтүстік Қазақстан облысы (1), Ұлытау облысы (1).

205 әлеуетті өнім жеткізушіден 774 өтінім түсті.

Өтінімдердің ең көп саны Түркістан облысына – 49 қатысушыдан 159 өтінім және Алматы облысына – 34 қатысушыдан 110 өтінім берілді.

Солтүстік Қазақстан облысында ең аз белсенділік 4 қатысушыдан, Шығыс Қазақстан облысында және Жетісу облысында 5 қатысушыдан.

Естеріңізге сала кетейік, конкурстық комиссия әлеуетті өнім жеткізушілердің конкурстық өтінімдерін өтінімдер ашылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, яғни 2023 жылғы 21 сәуірге дейін алдын ала қарауды жүзеге асырады.

 

Ұлттық жоба аясында Қазақстан бойынша барлығы 401 жаңа форматтағы мектеп салу жоспарлануда.

2023 жылы SK Construction 217 құрылысын бастауды жоспарлап отыр:

- 185 нысанға конкурс жарияланды;

- 32 мектеп ЖАО мен ҚР ОАМ жер телімдерін бөлу кезеңінде.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 9 мектеп екінші тетік бойынша салынады. Орта білім беру ұйымдарының салынған объектілерін ЖАО-ның Тауарларды сатып алу қағидаларында көзделген тәртіппен олардың меншік иелерінен тауар ретінде сатып алуы.

 

Төрағасының блогы