31 наурыз күні сағат 11.00-де «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының үздік логотипіне арналған ашық конкурс бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия құрамына «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығынан басқа, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, ҚР ОАМ орта білім Комитеті басқармасының бастығы, сәулет докторы, дизайнерлер Одағының мүшесі, сәулетшілер Одағының мүшесі, PhD докторы, жалпы құрылыс факультетінің қауымдастырылған профессоры кірді.

Отырыс барысында комиссия көптеген жұмыстарды қарады. Әрбір логотип мұқият зерттелді, талқыланды және өзіндік ерекшелік, шығармашылық, оңай танылатын элементтер, тақырыппен байланыс, жарықтық және тартымдылық сияқты критерийлермен бағаланды.

Талқылау және дауыс беру қорытындысы бойынша комиссия конкурсты 2023 жылғы 19 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Төрағасының блогы