2023 жылғы 4 сәуірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті, оның жұмысына онлайн форматта 20 өңірдің «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында әрбір өңір өкілі атқарылған жұмыстың аралық қорытындылары туралы есеп берді. Мәулен Айманбетов ағымдағы жылдың 1-кезеңінің (185 жер телімі) және 2-кезеңінің (32 жер телімі) жер телімдерін қайта ресімдеу мәртебесі туралы хабардар етілді. 185 жер телімдерінің ішінен 115 жер телімі бойынша жер-кадастрлық жоспарлар алынды. 119 жер телімі бойынша әкімдердің қаулыларына қол қойылды, олардың 21-і әділет органдарында тіркелді. 98 жер телімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ төлегеннен кейін тіркеуге дайын.

Мектеп құрылысы кезеңіне уақытша техникалық шарттар алу мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Мектептерді пайдалану кезеңінде сәулет-жоспарлау тапсырмаларын және тұрақты техникалық жағдайларды (электр, жылу, газ және сумен жабдықтау, кәріз желілері, талшықты-оптикалық желі) алу бойынша жұмыс жан-жақты талданды.

Сондай-ақ, кеңестің күн тәртібінде өңірлердегі жиһаз фабрикаларына бару бойынша алдағы жұмыстар туралы мәселе көтерілді. 

Өз кезегінде, өңірлік өкілдер операциялық процестерді жақсарту мақсатында бірқатар ұсыныстар айтты.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық көтерілген мәселелер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасының жеке бақылауына алынды, сондай-ақ жер телімдерін ресімдеу, сәулет-жоспарлау тапсырмалары мен техникалық шарттарды алу мәртебесі бойынша күнделікті негізде есеп беру міндеті қойылды.

Төрағасының блогы