«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Дағдарысқа қарсы бағдарлама мен «Нұрлы жер» бағдарламасының операторы бола отырып, тұрғын үй құрылысын басқаруда тәжірибе жинақтап, өндіріс қызметкерлерінің тұрғын үйге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жұмыс берушілермен бірлесіп құрылыстың жаңа бағыттарын қарастыруда.

2023 жылғы 30 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриевпен кездесу өткізді. Басқосу барысында «Қазақмыс» қызметкерлері үшін Балқаш және Жезқазған қалаларында тұрғын үй салу мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастық үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Анықтама: «Қазақмыс» мысты іздестіруді, барлауды, өндіруді, байытуды және қайта өңдеуді жүргізеді. Катодты мыстан басқа компания құймаларда алтын мен күмісті, күкірт қышқылын, селен мен мыс теллуридін, қорғасын шаңын шығарады. Қазіргі уақытта «Қазақмыс» жер қойнауын пайдалануға 30-дан астам келісімшарттар негізінде пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді жүзеге асырады.

«Қазақмыс» тобы-негізгі активтері тау-кен өндіру саласында және түсті металлургияда шоғырланған тігінен интеграцияланған холдинг.

Төрағасының блогы