Әлемнің 130 елінде жұмыс істейтін халықаралық компания Samruk-Kazyna Construction-мен әріптестік орнатуға мүдделі. Veolia Water Technologies & Solutions - ресурстарды басқарумен айналысатын және экологиялық жобаларды жүзеге асыратын беделді компания. Оның өкілдерін бүгін SK Construction басшысы Мәулен Айманбетов қабылдады.

Veolia Water Technologies & Solutions компаниясының Еуропа, Орта Азия және Африка бойынша вице-президенті Крис Джеффри және Түркия, Каспий және ТМД елдері бойынша өңірлік вице-президенті Петр Судиловский өз өз идеяларымен бөлісіп, бірлесе жүзеге асыруға болатын жобаларды таныстырды.

Қос тарап суды тарту, тазарту және экологиялық қауіпсіздік саласында бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігін талқылады. SK Construction бұл тақырыпқа ерекше назар аударады, өйткені экологияны жақсартуға бағытталған бұл жобаларды өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарда сәтті қолдануға болады.

Veolia Water Technologies & Solutions суды үнемдеуге және технологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Компания тамақ және сусындар өндірісі, металлургия, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, фармацевтика, мұнай-газ, химия және коммуналдық қызметтер сияқты маңызды салаларда жұмыс істейді.

Компания Түркістан облысында қуаттылығы 1000 МВт болатын электр станциясының құрылысына қатысуға ниет білдірді. Айта кету керек, Veolia Water Technologies & Solutions қазақстандық нарыққа жаңадан кіріп жатқан жоқ, Samruk-Kazyna Construction компаниясымен де жұмыс істеген. Бұған дейін оның қондырғыларын отандық «Karabatan Utility Solutions» ЖШС сатып алған. Бұл серіктестікті «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы сенімгерлік басқаруға алған.

Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов компания өкілдеріне қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді. Жақын арада жауапты мамандар жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндігін зерделейді.

Төрағасының блогы