2023 жылдың қыркүйегінде Астанада шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауыт өз жұмысын бастайды.

Жобаны іске асыру бұрын дайын түрде Ресейден, Қытайдан және Финляндиядан импортталған шатыр және қасбеттік материалдарға деген ішкі нарық сұранысын отандық өніммен жабуға мүмкіндік береді.

Зауыттың құрылысы өткен жылдың қазан айында басталды және кідіріссіз алға жылжуда. Жабдықтың 30-40% - ы келіп түсті.

«Құрылысы биыл басталды, қыркүйек айының ортасында іске қоспақпыз. Қысқа уақыт ішінде салып үлгерді. Бұл жерде шатырлар мен үйлердің қас беттері жасалады. Бұл Қазақстанға керек зауыттардың бірі. Жоспар бойынша Алматы мен Алматы облыстарында осындай зауыт ашпақпыз», – деп атап өтті 15 Маусымда құрылыс барысын тексерген SK Construction компаниясының Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.

Зауыт 70-90 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

«Біздің басты мақсатымыз-импортты алмастыру және жергілікті өндірістің әлеуетін көрсету. Біздің зауыттың өнімділігі 600 тонна алюминий профильдерін, талшықты цемент панельдерін – 70 мың шаршы метрді, боялған талшықты цемент панельдерін - 27-30 мың шаршы метрді құрайды», – деді «MetalFormer» ЖШС Бас директоры Мақсат Сәдуақасов.

Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Алматы облысында осындай зауыт салу жоспарлануда. Бұл аймақтарда өндіріс қуаты жоғары болады, ал зауытта өндірілген материалдар 20 жылдан 50 жылға дейін қызмет етеді.

Төрағасының блогы