"Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов "Объектілерді салу компаниясы" КҚ Бас директоры Серік Иманбаевпен және "Самұрық-Қазына Девелопмент" ЖШС Бас директоры Нұрлыбек Утеубаевпен кездесті.

Тараптар стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және техникалық қадағалауға байланысты мәселелерді талқылады. Оның ішінде Астанадағы 200 төсекке арналған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы мен Алматыдағы 350 төсектік Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығына ерекше тоқталды. Бұл нысандарда тірек конструкцияларын салу, шатыр мен қасбетті орнату жұмыстары аяқталды, қазір ішкі әрлеу, ішкі инженерлік жүйелер мен жабдықты монтаждау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Іргелес жатқан учаскені абаттандыру және сыртқы инженерлік желілер құрылысы жүргізіліп жатыр.

Серік Иманбаев Мәулен Айманбетұлына Астанадағы ғылыми орталыққа қатысты кәріздің сыртқы желілерін қалалық желілерге қосу және Алматыдағы ғылыми орталыққа кірме жолдар салу қажеттігі туралы хабарлады. Бұл мәселелер алдағы жұмыс кеңесінде талқыланатын болады.

«Объектілерді салу компаниясы» КҚ Атырау облысының Құлсары қаласында Медициналық-педагогикалық түзету орталығының құрылысын жүргізіп жатыр. Жұмыс жобасына түзетулер енгізілуіне байланысты «Ембімұнайгазбен» қосымша қаржыландыру туралы келісім жасасу керек.

Өз кезегінде, Нұрлыбек Утеубаев ағымдағы жылы Астанада шатыр және қаптау материалдарын өндіру зауытын салу кезінде «Техзор» цифрлық платформасының пилотты түрде енгізілгені туралы хабарлады. Бұл жоба нұсқамалардың орындалуын, ескертулердің уақтылы жойылуын үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді және техникалық қадағалау мен мердігерлік ұйым арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырады.

3 сәуірде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне қатысушылар құрамының өзгеруіне және квазимемлекеттік секторға енгізілуіне байланысты Серіктестік қызметін келісуге өтінішхат берілді. Қорытынды күтілуде.

Төрағасының блогы