Бұл табиғи тастан жасалған сәндік материал. Заманауи ғимараттар қала мен өңірдің тарихи келбетіне үйлесімді болуы үшін Түркістан облысындағы жайлы мектептердің қасбетін травертинмен қаптау мәселесі қарастырылып жатыр.

Жексенбі, демалыс күні Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов пен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша департамент директоры Ербол Ахметов Шымкент қаласында травертин өндіретін зауытқа барды. Ұлттық жоба жетекшілері тасты қайта өңдеу және плиталарды өндіру процесімен егжей-тегжейлі танысты, сондай-ақ зауыт басшылығымен өнімнің сапасы, өндіріс көлемі туралы мәселелерді талқылады.

«Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорын тәулігіне 1000 шаршы метр материал өндіре алады. Өңірдегі мектептерді травертинмен толық және уақтылы қамтамасыз ету үшін зауыттың өндірістік қуаты жеткілікті.

Жалпы алғанда, жайлы мектептердің қасбетін қаптағанда әдемі, заманауи, арзан әрі сапалы материалдар қолданылады. Бұл ұлттық жоба бюджетін оңтайлы пайдалана отырып,  сапа, қауіпсіздік және көркем сыртқы келбет бөлігінде қажетті теңгерімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Төрағасының блогы