«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Астана қаласында 24 мектеп салу жоспарланған. Бұл бір ауысымда 44,4 мың жаңа оқушы орнын (екі ауысымда 88,8 мың орын) ашуға мүмкіндік береді.

2023 жылы елордада бір ауысымда 41,2 мың оқушыға арналған 22 мектептің құрылысы басталады. Бұл мектептер 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.

2000 орындық 1 мектептің құрылысы 2024 жылы басталып, 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.

1200 орындық 1 мектепті жергілікті атқарушы органдар мердігер компаниядан дайын тауар ретінде сатып алады. Пайдалануға беру 2025 жылдың соңына жоспарланған.

Сенбі күні «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша департамент директоры Ербол Ахметов пен жобалау және құрылыс басқармасының бастығы Әбдікерім Аршамов елордадағы болашақ жайлы мектептердің құрылыс алаңдарын аралады. Олар ғимараттардың жобасы және құрылысқа дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Бүгінгі таңда 15 мектеп бойынша мердігерлермен EPC-келісімшарттар жасалды. 7 мектеп бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, олардың қорытындысы тамыз айында белгілі болады. ЕРС-келісімшарт – бұл құрылысты басқарудың шетелдік әдістемесі, оған сәйкес барлық процестерді (Engineering - жобалау, Procurement - жабдықтандыру және Construction - құрылыс) бір уақытта бір мердігер ұйым немесе консорциум жүргізеді. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазір мердігерлер жер учаскелерін құрылысқа дайындау жұмыстарын  жүргізіп жатыр (қоршау, бейнебақылау камераларын орнату, құрылыс техникасын жұмылдыру, инженерлік-геологиялық іздестіру және т.б.), сонымен қатар мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүріп жатыр. Олар мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады.

Анықтама үшін:

Астана қаласындағы жайлы мектептердің орналасатын жері

 

Есіл және Нұра аудандары

қ. Қайсенов көшесі, № 4 үй ауданы

600 орын

Ш. Айтматов көшесі №24/22 учаске

2 000 орын

«Үркер» тұрғын алабында, Наурызбай батыр мен Исатай батыр көшелерінің қиылысы

2 000 орын

Е17, Е26 көшелерінің ауданы

2 000 орын

Төле би және Е758 көшелерінің ауданы

2 000 орын

Орынбор және № 37 көшелердің қиылысы

2 000 орын

Е48, Е77 көшелерінің ауданы

2 000 орын

«Тельман» тұрғын алабының оңтүстігі

2 000 орын

Мәңгілік Ел даңғылы мен Е-497 көшесінің қиылысы

2 000 орын

Е796 және Е899 көшелерінің ауданы

2 000 орын

Е699 көшесінің ауданы

2 000 орын

Е127, Е368, Е418, Е535 көшелерінің шаршысы

2 000 орын

Төле би және №24 көшелердің қиылысы

2 000 орын

Е30, Е751, Е796 көшелерінің қиылысы

2 000 орын

Қабанбай батыр даңғылы мен Сыған көшесінің қиылысы

1 200 орын

(тауар ретінде

сатып алынады)

Алматы ауданы

А. Байтұрсынов көшесі №9 үй ауданы

600 орын

Ш. Қалдаяқов және А-30 көшелерінің қиылысы

2 000 орын

Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысы

2 000 орын

А-102 және А-104 көшелерінің қиылысы

2 000 орын

М. Төлебаев және Бурабай көшелерінің қиылысы

2 000 орын

(2025 жылы

тапсырылады)

ж. Нәжімеденов және А-56 көшелерінің қиылысы

2 000 орын

Байқоңыр ауданы

А. Иманов және Егемен Қазақстан көшелерінің қиылысы

2 000 орын

Сарыарқа ауданы

С-189 және 12-207 көшелерінің қиылысы

2 000 орын

"Көктал" тұрғын алабы, Ұлытау және Наурыз көшелерінің қиылысы

2 000 орын

Төрағасының блогы