Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев елордадан 30 шақырым жерде орналасқан Қабанбай батыр ауылында салынатын 1200 орындық мектептің құрылысына дайындық барысымен танысты. Білім ошағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынады.

Нысан 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Мектепті жобалау, салу және жабдықтау мәселелерін талқылай отырып, Басқарма Төрағасы өңір басшысынан жайлы мектептер үшін жиһаз таңдау бойынша арнайы комиссия құруды сұрады. Айманбетовтің айтуынша, жиһазды іріктеу жөніндегі комиссияға білім беру саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, білім және кәсіпкерлік басқармаларының басшылары, мектеп директорлары және олардың әкімшілік-шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілі кіруі тиіс.

«Педагогтар, директорлар және олардың әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары әр сынып үшін жиһазды өздері таңдаса дұрыс болады. Олар қандай парталар, орындықтар, шкафтар қажет екенін жақсы біледі әрі жиһаздың сапалы және балалар үшін барынша ыңғайлы болғанын қалайды. Құрылысшылардың міндеті – мектепті уақытында тапсыру, ал жиһаздың түсін, материалын, дизайнын пайдаланушылар анықтауы керек. Біз, өз кезегінде, бәрін мектептердің жобалау-сметалық құжаттамасына қосамыз», - деді Samruk-Kazyna Construction басшысы.

Сондай-ақ, кірме жолдар мен инженерлік инфрақұрылымды жобалау және салу мәселелері талқыланды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ел бойынша 369 орта білім беру нысаны салынады, оның 18-і Ақмола облысында. Өңірде 9 мектептің құрылысы биыл басталып, 2024 жылы аяқталады. Қалған 9 мектеп 2025 жылдың соңына дейін есігін айқара ашады. Бұл облыс бойынша 22,6 мың (екі ауысымда 45,2 мың) жаңа оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Анықтамалық ақпарат:

Ақмола облысындағы жайлы мектептердің орналасқан жері

Көкшетау қаласы

1

Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағын ауданы

1 500 орын

2024 жылы

2

Көкшетау қаласы

1 500 мест

2024 жылы

3

Көкшетау қаласы

1 500 мест

2025 жылы

4

Көкшетау қаласының Красный яр кенті

1 200 мест

2025 жылы

Щучинск қаласы

5

Щучинск қаласы

1 200 мест

2025 жылы

Қосшы қаласы

  6

 

Қосшы қаласы

2 000 мест

2025 жылы

 7

1 500 мест

2025 жылы

Целиноград ауданы

8

 

Талапкер ауылы

1 200 мест

2024 жылы

9

1 200 мест

2024 жылы

10

Қаражар ауылы

1 200 мест

2024 жылы

11

Тайтөбе ауылы

1 200 мест

2025 жылы

12

Қараөткел ауылы

1 200 мест

2024 жылы

13

Қабанбай батыр ауылы

1 200 мест

2024 жылы

14

Қоянды ауылы

2 000  мест

2024 жылы

15

Ақмол ауылы

1 200 мест

2024 жылы

16

Софиевка ауылы

300 мест

2025 жылы

Шортанды ауданы

17

Бозайғыр ауылы

300 мест

2025 жылы

 

Аршалы ауданы

18

Жібек Жолы ауылы

1 200 мест

2025 жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрағасының блогы