11 тамызда Астанада «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма мүшелері үшін «Стратегиялық тәуекелдер менеджменті» тақырыбында тренинг өтті.

Бұл стратегиялық мақсаттар, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесінің міндеттері, атап айтқанда директорлар кеңесі мен Басқарма қызметінің оның тиімді жұмыс істеуіндегі рөлі қарастырылған осындай форматтағы алғашқы оқыту.

Тәуекелдер төзімділікті анықтау мен қалыптастыру тақырыбына бөлек сессия арналды. Басшыларға тәуекелге бағдарланған шешімдер қабылдау әдістері мен технологиялары, компанияның басқару жүйелері арасындағы өзара байланыс, «қорғанысты үш кезеңі» әдісінің рөлі мен жауапкершілігі, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның ағымдағы қызметіне тәуекелдерді басқару процесін интеграциялау аспектілері туралы айтылды.

Тренингті экономиканың нақты секторында тәуекелдерді басқаруда және тәуекел менеджменті саласында оқыту тренингтерін өткізуде үлкен тәжірибесі бар «EY» Бизнес академиясының мамандары ұйымдастырды.

Төрағасының блогы