Samruk-Kazyna Construction «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде білім ошақтарының құрылысын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді сатып алуға ашық конкурс жариялады.

Барлығы 19 аймақта 300, 600 және 900 орындық мектептерге 112 лот жарияланды.

Өтінімдер skcn.qaz.network порталында электрондық форматта қабылданады. Құжаттарды қабылдау 4 қыркүйекке дейін жалғасады. 

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША...

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде техникалық қадағалау бойынша инженерлік қызметтер көрсететін компанияда міндетті түрде:

  • бірінші және екінші деңгейлі объектілердің құрылысын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығын аккредиттеу туралы куәлік;
  • аккредиттелген құрылыс зертханасы (меншікте немесе жалдамалы);
  • әр лотқа бөлек білікті мамандар (бір маманды бірнеше нысанға тартуға тыйым салынады);
  • кем дегенде бір геодезист-инженер;
  • кеңсе (меншікте/жалға алынған).

Сондай-ақ, компанияда ашық сот істері, салықтық және басқа да қарыздары болмауы керек. Банкроттық және тарату рәсімдерінен өтіп жатқан ұйымдардың өтінімдері қабылданбайды. Жаңа нысандардың құрылысына немесе қайта құру жұмыстарына инжинирингтік қызмет көрсету бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы да міндетті.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде мына көрсеткіштер де ескеріледі:

  • соңғы 5 жылда төленген салық сомасы;
  • соңғы 5 жылда пайдалануға берілген кемінде екі әлеуметтік нысан мен көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы ауданы.

 

Сондай-ақ, компания жайлы мектептердің құрылысына техникалық қадағадау жүргізетін сарапшыларының айлығын көтеруге міндеттеледі. Олардың лауазымдық жалақысы төмендегі көрсеткіштен кем болмауы шарт: 

  • өңірлерде кемінде 175 АЕК немесе 603 750 теңге;
  • елордада және Республикалық маңызы бар қалаларда 235 АЕК немесе 810 750 теңгеден кем емес.

Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды алу процесін ашық етеді әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Инжинирингтік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін ұйым келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 20 күн ішінде шарт сомасының 3% мөлшерінде банк кепілдігін ұсынуға міндетті.

Әрбір жайлы мектептің құрылысын 3 техникалық қадағалау сарапшысы бақылайтын болады:

  • Жалпы құрылыс нормалары бойынша 1 сарапшы;
  • Инженерлік желілер бойынша 1 сарапшы;
  • Технологиялық жабдықтар бойынша 1 сарапшы.

Олар апта сайын құрылыс сапасы мен мерзімі туралы есеп береді. Ол электронды кросс-платформаға жүктеледі.

Анықтама үшін:

Өңірлерде жарияланған лоттардың саны

ӨҢІР

ЛОТТАРДЫҢ САНЫ

Түркістан облысы

23

Алматы облысы

17

Ақтөбе облысы

11

Қызылорда облысы

8

ШҚО

7

Қарағанды облысы

7

Атырау облысы

6

Маңғыстау облысы

6

БҚО

5

Қостанай облысы

5

Жамбыл облысы

4

Абай облысы

4

Астана қ.

2

СҚО

2

Алматы қ.

1

Жетісу облысы

1

Ұлытау облысы

1

Павлодар облысы

1

Шымкент қ.

1

БАРЛЫҒЫ:

112

Төрағасының блогы