18 қыркүйекте Мәулен Айманбетов оңтүстік астанаға жұмыс сапарымен барды. Басқарма Төрағасы жайлы мектептердің құрылысы жоспарланған бірнеше проблемалық учаскелерді аралады.

Білім ошақтарының бірі Медеу ауданы Құлжа тас жолының бойындағы №98/7 учаскеде салынады. 2000 оқушыға арналған мектептің құрылысына «Bazis Construction» ЖШС жауапты. Нысанды 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Алайда, құрылысқа дайындық әлі басталмаған, өйткені құрылысқа бөлінген аумақты ауыстыру қажет. SK Construction Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов пен Bazis Construction вице-президенті Талғат Жансейітов мәселені шешу жолдарын қарастырды.

2000 оқушыға арналған тағы бір жайлы мектепті «BI Urban Construction» компаниясы «Самғау» шағын ауданындағы «Зеленая» көшесінде салатын болады. Құрылысқа дайындық қарқынды жүріп жатқанымен, жер телімінің аумағы тар. мСондықтан 0,43 га қосу қажет. Айманбетов бұл үрдісті жеделдетіп, мектепке төрт жақтан еркін кіреберіс жолдары мен автотұрақтардың құрылысын жоспарлау қажеттігін атап өтті.

Дәл сол шағын аудандағы Әшімов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында тағы бір 2000 орындық жайлы мектеп салу көзделген. Мердігер – «BAZIS-А Corp» ЖШС. Аумақта базар орналасқандықтан, құрылыс алаңында дайындық жұмыстарын бастау мүмкін болмай тұр. Мәулен Айманбетов жақын арада базарды сүру мәселесін шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Samruk-Kazyna Construction басшысы «Ақбұлақ» және «Шұғыла» шағын аудандарындағы жайлы мектептердің құрылыс алаңдарына барды. Онда «Bazis Construction» ЖШС сыйымдылығы тиісінше 1500 және 2500 орындық білім ошақтарын салады. Сонымен қатар Мәулен Айманбетов Розыбакиев пен Левитан көшелерінің қиылысында бой көтеретін 1500 орындық нысанның құрылысына дайындық барысымен танысты. Соңғы нысан Алматы қаласы Әуезов ауданындағы 1-шағын ауданында 600 орындық жайлы мектеп болды. Бұл учаскелердегі проблемалық мәселелердің бәрі ұқсас.

Сапар қорытындысы бойынша Мәулен Айманбетовтың төрағалығымен Алматыда ұлттық жобаны іске асыру бойынша көшпелі отырыс өтті. Жиын барысында барлық проблемалық мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы мектептердің аумағына қажетті көршілес жер учаскелерін қосу мәселесін шешуі қажет, ал қалалық мобилділік басқармасы оқу орындарына кірме жолдар мен автотұрақтарды жобалап, салуды бастауы тиіс. «Қазақтелеком» АҚ ТОБЖ салу мүмкіндігін қарастырады, ал Samruk-Kazyna Construction Алматыдағы өңірлік өкіліне жергілікті атқарушы органдармен байланыс орнатып, етене жұмыс істеу тапсырылды.

Іссапар барысында туындаған проблемалық мәселелерді шешу үшін 19 қыркүйекте Басқарма Төрағасы Алматыда бірқатар кездесу өткізеді. Сағат 10:30-да ҚазҚСҒЗИ-де сейсмикалық мәселелерді талқылау бойынша жиын өтеді. Сағат 12:00-де «Алматыбасжоспар» ҒЗИ-де ұлттық жоба шеңберінде салынатын әрбір нысанды егжей-тегжейлі зерттеу жоспарланған.

Сағат 17:00-де Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесу өтпек. Онда жоғарыда аталған барлық проблемалық мәселелердің түбегейлі шешімін табу жоспарлануда.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Алматы қаласында 3 жыл ішінде 37,1 мың оқушыға арналған 22 жайлы мектеп салынады, оның ішінде 21 білім ошағы келесі жылы тапсырылады.

Төрағасының блогы