19 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов жұмыс сапарының екінші күні аясында Алматы қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырудағы проблемалық мәселелер бойынша ҚазҚСҒЗИ-да отырыс өткізді.

Жиынға Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазҚСҒЗИ) бас директоры Бегман Құлбаев, оның орынбасарлары мен мамандары, «BI Global» және «Bazis Construction» құрылыс компанияларының бас сәулетшілері қатысты. Жұмыс кеңесі барысында сейсмика мәселелері талқыланды. Алматы сейсмикалық аймақта орналасқандықтан, мемлекеттік сараптамадан өтпес бұрын барлық жайлы мектептердің ЖСҚ міндетті түрде ҚазҚСҒЗИ мамандарынан оң қорытынды алуы тиіс. Жобалау кезінде олардың ұсыныстары ескерілуі керек. Әсіресе, бұл магнитудасы 10 баллдан жоғары жер сілкінісі қаупі бар аудандарға қатысты. Мұндай аудандарда салынып жатқан жайлы мектептер үшін арнайы техникалық құжат қажет. Осы мәселеде институт тарапынан түсінстік бар. Алматы және Алматы облысындағы жайлы мектептердің барлық мердігерлері ҚазҚСҒЗИ-мен жобалау және құрылыс кезінде ғылыми-техникалық сүйемелдеу туралы шарт жасасуға міндетті.

Төрағасының блогы