«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру туралы Үкімет Қаулысына енгізілген өзгерістер жарияланды. Құжатқа Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2023 жылдың 31 қазанында қол қойды.

Жаңартылған қаулыдағы бірқатар маңызды тезистер:

  1. 2026 жылға дейін қалаларда және ауылдық елді мекендерде оқушы орындарының ағымдағы және болжамды тапшылығын жабу үшін кемінде 740 мың (екі ауысымда оқыту) жаңа оқушы орнын пайдалануға беру қажет;
  2. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 2,38 трлн теңге, оның ішінде жылдар бөлінісінде:
  • 2023 жылы – 499,9 млрд теңге;
  • 2024 жылы – 976,3 млрд теңге;
  • 2025 жылы – 909,4 млрд теңге;
  1. Жайлы мектептерге арналған жиһаз тек «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тауар өндірушілер тізіліміндегі және/немесе «Атамекен» ҰКП отандық өндірушілер тізіліміндегі өндірушілерден ғана сатып алынуы тиіс («СТ-KZ» сертификаты және/немесе индустриялық сертификат негізінде);
  2. Шетелдік жиһаз өнімдерін сатып алуға нарықта отандық тауар өндірушілер шығаратын жиһаз өнімдерінің қажетті түрлері болмаған жағдайда ғана жол беріледі. Нарықта отандық тауар өндірушілердің жиһаз өнімдерінің болмауы Өнәркәсіп және сауда министрлігімен расталады;
  3. Отандық тауар өндірушілерге халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
  4. Жайлы мектептерді жылдамдығы кемі 100 Мбит/сек болатын интернетпен қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» АҚ дирекцияға телекоммуникация желілерінің телефон кәрізінде кабель қосу/төсеу үшін техникалық шарттарды өтеусіз негізде ұсынады.
Төрағасының блогы