Ақпанның 8-і Samruk-Kazyna Construction басшысына Қоғам инвестиция құйған тұрғын үйлер бойынша ағымдағы жағдай баяндалды. Жобалау мен құрылыс департаментінің директоры Архат Айбабин Өскемен, Көкшетау, Ақсу мен Тараз қалаларында салынып жатқан нысандарды қаржыландыру мәселесіне де егжей-тегжейлі тоқталды.

Есепті тыңдап болған соң, Мәулен Айманбетов баспана құрылысына жауапты мердігерлермен кездесті.

«Әдемі Холдинг» ЖШС Қазақстан нарығындағы жас болса да, бас болып жүрген компаниялардың бірі. Бүгінде серіктестік Көкшетау қаласында 12 қабатты үйді тұрғызып жатыр. Баспана жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метрді құрайтын пәтерлерден бөлек, коммерциялық нысандарды, көлік қоюға арналған 72 орынды қамтиды. «Құрылыс жұмыстары белсенді әрі жоспарға сай жүргізілуде, тұрғын үйді ағымдағы жылдың шілдесінде тапсырамыз»,- деді «Әдемі Холдинг» ЖШС бас директоры Әділбек Мақышев. Жоба құны – 2,6 млрд тенге, оның 60% (1,58 млрд тенге) в «Samruk-Kazyna Construction» АҚ құйған болатын. Баспана құрылысын сәтті аяқтағаннан кейін, компания Қоғаммен әріптестікті жалғастырып, жаңа жобаларды қолға алмақ ниетте.

Сондай-ақ, Мәулен Айманбетов Өскемен қаласында 14 блоктан тұратын көпфункционалды тұрғын үйді салып жатқан «UK Building» ЖШС өкілдерімен кездесті. Жоба құны – 5,3 млрд тенге, оның 4,2 млрд тенгесін (80%)  Samruk-Kazyna Construction инвестициялық қызмет аясында құйды. Нысан құрылысы екі айға кешігуде. Мәулен Айманбетов жұмысты тездетуді тапсырды. Ал, инженерлік желілермен, нақты айтқанда су қысымы бойынша мәселені шешуге Басқарма Төрағасы көмектесетінін жеткізді.

Тараз қаласындағы 9 қабатты баспананың құрылысы да кестеден қалып барады – нысан жартылай дайын. «BAITEREK GROUP – 2022» ЖШС құрылтайшысы мұны жұмысты жүргізуге мүмкіндік бермеген ауа райы қолайсыздығымен түсіндірді. Екінші себеп – монолитті каркасты тұрғызуға қауқарлы білікті кадрлардың тапшылығы. Нұрбек Абжанов тез арада жұмыс қолы мен техниканы жұмылдырып, шаруаны жалғастырамыз деп уәде берді. Әйтпеген жағдайда әңгіме қысқа болмақ. Samruk-Kazyna Construction келісімшартты құрылыс компаниясымен келісімшартты бұзады.

Соңғы болып Мәулен Айманбетов «Karzhau Development» ЖШС құрылтайшысые қабылдады. Марат Накенов Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында теңдесі жоқ жобаның жүзеге асырылу барысымен таныстырды. 3 қабатты баспана алынбайтын қалыптарды қолдана отырып монолиттен салынып жатыр. Алғашқы коммерциялық жобаға жергілікті тұрғындар қызығушылық білдіріп отыр. Алайда, жаңа жылдан кейін құрылыс қарқыны төмендеп қалыпты. Мердігер бұл уақытша көрініс екенін жеткізді. Материалдардың негізгі бөлігі сатып алынған, ал инженерлік желілірге қатысты проблема жоқ. Ағымдағы аптада шаруа қайта жалғасын табады.

Samruk-Kazyna Construction басшысы жауапты мамандарға аталған сұрақтарды назарда ұстап, екі аптадан кейін жауапсыз мердігерлермен қайта кездесу ұйымдастыру жүктелді.

Төрағасының блогы