Компанияның тәжірибелі заңгерлері сатып алу, сондай-ақ инвестициялық жобалар келісімшарттарына заңды қорытындылар бойынша қосымша келісімдер ұсынумен айналысады. Олар сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын қарастырады. Бұл барлық құжаттарды сауатты құқықтық рәсімдеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Дамир Жұмашевтің айтуынша, өткен жылы компанияның заңгерлері:

  • Инвестициялық жобалар бойынша 52 қорытынды;
  • Әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша 71 қорытынды,
  • Сатып алу шарттары бойынша 40 қорытынды;
  • 281 түсіндірме жазба және шешім жобалары;
  • 307 сенімхат берген.

Талап-арыз жұмысы шеңберінде жалдау төлемдері бойынша берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. 2023 жылы компанияның заңгерлері жалпы сомасы 196 млн теңгеге 161 талап-арыз және 297 атқарушылық жазуды бастамашылық етті.

Ағымдағы жылы құқықтық сүйемелдеу департаменті бірқатар инвестициялық жобалар бойынша талап-арыз жұмыстарын жүргізуді және бизнес-процестерді автоматтандыруды жоспарлап отыр.

Есеп қорытындысы бойынша Samruk-Kazyna Construction басшысы Мәулен Айманбетов дебиторлық берешек бойынша егжей-тегжейлі талдау жасауды және оның пайда болу себептерін анықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Басқарма төрағасы Департамент қызметін Қоғамның стратегиялық мақсаттарына сәйкестікке қайта бағыттауға қатысты ескертулер айтты. Оның айтуынша, компанияның заңгерлері қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста болуы керек.

 
Төрағасының блогы