Бұл туралы Басқарма Төрағасына сатып алулар мен бағалар маркетингі департаментінің директоры Арман Сапекенов баяндады.

     25 өтінімді мамандар ашық тендер тәсілімен, тағы 97 өтінімді төмендетуге баға ұсыныстарын сұрау арқылы өткізді, ал бір көзден 54 конкурс өткізілді. Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов соңғы екі көрсеткішті жоспарлы түрде қысқартып, ашық тендер мен электронды дүкенге басымдық беруді тапсырды. 12 айда sk. store 30 тапсырысты орындау үшін пайдаланылды. Сондай-ақ, сатып алу процесін автоматтандыру қажет, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді.

     Команда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бағытында мемлекеттік сатып алулар бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Алғаш рет ЕРС-келісімшарты енгізілді, оның арқасында барлық процестер бір уақытта жүргізіліп, едәуір уақыт үнемделді. Сондай-ақ қысқа мерзімде мемлекеттік сатып алудың электрондық порталы әзірленді. Әдетте бұл процесс алты айға дейін созылуы мүмкін, ал мамандар тапсырманы бір жарым айда орындады. Осылайша, департамент мектепті жобалау мен дайын күйде тапсыру және техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді сатып алу бойынша 87 конкурс өткізді:

  • 208 мектепті жобалау мен дайын күйде тапсыру бойынша өткізілген 51 конкурс бойынша 402 әлеуетті өнім берушіден 1 161 өтінім қаралды;
  • 112 мектептің техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге қатысты 36 конкурс бойынша 153 әлеуетті өнім берушіден 798 өтінім қаралды.       

     Өткен конкурстардың қорытындысы бойынша мектепті жобалау мен дайын күйде тапсыру конкурсына қатысты 200-ден астам өтініш пен шағым келіп түсті. Оның тек 3 өтініш бойынша дәлелдер расталды, бұл жалпы санның 1,3% құрайды.

     Жалпы келісімшарттарға қол қоюды ескергеннің өзінде конкурстық рәсімдерді өткізу бір жарым ай уақыт алды, бұл компания командасының кез келген  сын-қатерлерге дайын екендігінің дәлелі.

     Тәжірибелі және қаржылай тұрақты құрылыс компанияларын іріктеу мақсатында әлеуетті өнім берушілерге маңызды біліктілік талаптары белгіленді. Мысалы, құрылыс саласында, оның ішінде соңғы 10 жылда әлеуметтік нысандарды салуда тәжірибенің болуы сияқты көрсеткіш ескерілді. Білікті мамандардың, арнайы техниканың болуы мен салықтар бойынша берешектердің болмауына ерекше назар аударылды.

     Одан бөлек, конкурс барысында өңірлік компанияларға 10% көлемінде жеңілдік те берілді. Атап өту қажет, әлеуетті құрылыс компанияларын іріктеуге арналған талаптар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен талқыланып, бизнес тарапынан ұсынылған орынды ұсыныстар ескерілді.

      Ұлттық жоба бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет. Биыл 151 жайлы мектепті жобалау мен салу бойынша конкурстық процедураларды өткізу керек. Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов департамент директорына құжаттамаларды егжей-тегжейлі тексеріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болмауын тексеруді жүктеді.

 

Төрағасының блогы