СҚО-ға жұмыс сапарынан соң елордаға оралған Samruk-Kazyna Construction басшысы дүйсенбі күні таңертең Ақмола облысы бойынша жиын өткізді. Отырысқа компанияның орталық аппараты, өңірлік құрылыс басқармасының басшысы және мердігер ұйымдардың басшылары қатысты. Ақмола облысы бойынша мектептерді 5 компания салып жатыр: «Bi Global» ЖШС, «Казстройподряд» ЖШС, «К.Г. С. Сауда» ЖШС, «УК Строй» ЖШС, «Integra Sonstruction» ЖШС.

Отырыс барысында «К.Г. С. Сауда» ЖШС (компания Ақмола облысында 3 жайлы мектеп салып жатыр) жоба жетекшісі Жәнібек Ғалиасқаров ауа райы және басқа да себептерге байланысты оқу жылы басталғанша мектептерді пайдалануға беру мүмкін еместігін айтып, шағынды. Мәселен, қыста шатыр жабуға болмайды дейді ол. Осы орайда Айманбетов елде қыс мезігілінде де орнатуға болатын заманауи технологиялар бойынша жасалған түрлі шатыр материалдарын шығаратын кәсіпорындар бар екенін айтты. Samruk-Kazyna Construction осындай зауыттардың өкілдерімен белсенді кездесіп, келіссөздер жүргізуде.

«Егер мердігер 1 қыркүйекке дейін мектепті тапсырүлгерем десе, ол үлгереді. Егер бастапқыда өз-өзіне сенбесе, онда уақытылы аяқтай алмайды, 100 себеп пен сылтау іздейді. Түсініңіздер, балалар күтіп отыр. Олар биылғы оқу жылында жаңа жайлы мектептің табалдырығын аттайтынына қуанышты», - деді Айманбетов.

Мәулен Айманбетов мердігерлерді оқу жылы басталғанша мектептердің басым бөлігін қолданысқа тапсырып, оқушылар, олардың ата-аналары мен ұстаздарды қуанту үшін жұмыс қарқынын жеделдетуге шақырды.

«Қазір күндіз-түні жұмыс істеу керек. Өз тарапымыздан барлық жағынан көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Басқарма Төрағасы.

Ақмола облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру бойынша өткен жиыннан тағы бірқатар маңызды тезистер:

  • Қабанбай батыр және Қаражар ауылдарындағы мектептердің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Айманбетов барлық дайын жобаларды «Мемсараптама» РМК порталына дереу жүктеуді тапсырды;
  • оқу жылының басына дейін тапсырылатын нысандардың санын барынша арттыру қажет. Биыл Ақмола облысында 9 жайлы мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың 5-ін 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсыруға болады.
  • Ақмола облысындағы жайлы мектептердің қасбеттерін қаптау кезінде тек сызықтық панельдер пайдаланылатын болады. Осы материалды шығаратын отандық өндірушілермен келіссөздер басталды.

Көкшетаудан онлайн қосылған Ақмола облысы әкімдігінің өкілдеріне Басқарма Төрағасы мектептерді сыртқы инженерлік инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салды. Осыған байланысты «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша барлық сатып алуды бір көзден жүргізуге болады. Яғни, мемлекеттік сатып алу туралы Заң нормалары ұлттық жобаға қатысты қолданылмайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі мердігерлерді бір көзден анықтап, олармен азаматтық-құқықтық шарт жасасып, құжаттарды қазынашылық органдарында тіркесе жеткілікті.

Барлық жиһаз өнімдері өңірдің білім басқармасымен келісілуі тиіс. Болашақ мектептердің әкімшілігі мен штатын құруды бастау керек, өйткені олар әрлеу жұмыстарына белсенді араласып, басы-қасында жүруі шарт.

Ақмола облысында 18 жайлы мектеп салу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың соңына дейін Көкшетау қаласында, Талапкер, Қоянды, Қаражар, Қараөткел, Ақмол және Қабанбай батыр ауылдарында 9 нысан пайдалануға беріледі.

Дүйсенбі күні кешке Мәулен Айманбетов автокөлікпен Павлодар облысына жолға шықты, содан кейін Абай облысының орталығы Семейге барады. Басқарма Төрағасы аталған өңірлерде ұлттық жобаны іске асыру барысымен таныспақ.

Төрағасының блогы