9 ақпанда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері мен ел кәсіпкерлерінің кезекті кездесуі өтті.

Күн тәртібінде – отандық тауар өндірушілердің «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасына қатысуы.

Жайлы мектептерге арналған жиһаз тек «Самұрық-Қазына» қорының тауар өндірушілер тізіліміне және «Атамекен» ҰКП отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады. Сонымен қатар, инертті және құрылыс материалдарының басым бөлігі жергілікті жердегі зауыттар мен карьерлерден алынбақ. Осылайша, ұлттық жобадағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 70% болады. Алайда, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы еліміздің болашақ оқу орындарын салуға және жабдықтауға қатысуға мүдделі жиһаз жасаушы кәсіпорындарының өндірістік қуаты туралы ақпаратты әлі күнге дейін берген жоқ.

Сондай-ақ, Samruk-Kazyna Construction мониторинг тобының жетекшісі Қуат Жылқыбаев осы аптада отандық тауар өндірушілердің барлық қауымдастықтарымен және одақтарымен кеңес өткізеді. Зауыттар және олардың өндірістік мүмкіндіктері туралы ақпаратты алған соң Samruk-Kazyna Construction өкілдері олардың әрқайсысын аралап, жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

Алайда, белгілі болғандай, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-да қалыптасатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогына (АГСК) кей өндірушілер енгізілмеген. Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Саттаров бұл отандық тауар өндірушілерге қойылатын басты талаптардың бірі екенін айтып, жобаға қатысу үшін тізбеге ену бойыннша жұмыстарды жеделдету қажеттігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерде отандық өндіруші мәртебесін растайтын «СТ-KZ» сертификаты және/немесе индустриялық сертификаты болуы қажет.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мұрат Әмірин отандық тауар өндірушілердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан кепілге қойылған тауарлар мен қызметтерді қадағалау үшін жайлы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасын қарап, зерттеуге рұқсат беру мәселесін көтерді. Алайда, онсыз да бұл көрсеткішті  мемлекеттік сараптама мамандары міндетті түрде тексереді, деп сендірді Амангелді Саттаров. Сондай-ақ бұл жұмысқа авторлық және техникалық қадағалау мамандары да тартылмақ.

Төрағасының блогы