Осы аптада Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы өңірлерді аралап, бірінші басшылармен кездесуін жалғастыруда. Дүйсенбіде Мәулен Айманбетов Ақмола, Ұлытау және БҚО әкімдіктерімен жиын өткізді, ал кешке Павлодар және Абай облыстарына жолға шықты.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына арналған жұмыс кеңесіне өңір басшысы Нариман Төреғалиев, Басқарма Төрағасының ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі орынбасары Амангелді Саттаров және консорциум жетекшілері қатысты:

  • ТОО «BiGlobal»
  • ТОО «KazConstructionGroup»
  • ТОО «ЖАЙЫК ЖАРЫҒЫ»
  • ТОО «Альтаир-СК7»
  • ТОО «Строительная фирма «АЛТИМ»
  • ТОО «Antarium Group»
  • ТОО «Жайык Сити»
  • ТОО «СКФ Отделстрой».

Мәулен Айманбетов отырысқа елорданан онлайн режимде қатысты.

Орал қаласының «Балауса» және «Деркөл» шағын аудандарында 1500 орындық екі жайлы мектептің құрылысына ерекше назар аударылды. Мердігерлік ұйымдардың асықпауы сұрақтар туғызады. Жобаға енгізілген өзгерістерге байланысты объектілердің ЖСҚ қайтадан мемлекеттік сараптамадан өтеді және наурыз айының басында қорытынды алады. Алайда, Төреғалиев пен Айманбетов атап өткендей, алдағы уақытта жұмыстарды жүргізу кестесінен қалыс қалмау үшін жұмысты бастау, техника мен жұмысшыларды жұмылдыру қажет. Мердігерлік ұйымдар аванстық құралдармен қамтамасыз етілген, сондай-ақ қаражатты қатырмай эскроу-шоттар арқылы құрылыс материалдары мен жабдықтарын сатып алу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, басқа да білім ошақтарының құрылыс барысы талқыланды:

  • Оралдағы 600 орындық 1 мектеп;
  • Ақсай қаласындағы 300, 900 орындық 2 мектеп;
  • Бәйтерек ауданындағы 600, 1200 орындық 2 мектеп;
  • Борилин ауданындағы 300 орындық 1 мектеп ЖББМ;
  • Теректі ауданындағы 1 мектеп.

БҚО әкімі мен Samruk-Kazyna Construction басшысы барлық мердігерлерге, әсіресе кестеден артта қалып келе жатқан төрт компанияға оқу жылының басында мектептердің ең көп санын тапсыру үшін техника мен жұмысшылар санын көбейтуді, 2-3 ауысымда жоғары қарқынмен жұмыс істеуді тапсырды. БҚО-да ұлттық жоба аясында жоспарланған 9 мектептің 6-ы оқу жылы басталғанша дайын болуы тиіс:

  • Ақсай қаласындағы 1 мектеп;
  • Орал қаласындағы 1 мектеп;
  • Пугачево, Трекино, достық және Подстепное ауылдарындағы 1 мектеп.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев бір аптадан кейін барлық құрылыс учаскелерін аралап, жұмыс қарқынын тексеруге уәде берді.

«Мен жұмысты кешіктіріп жатқан мердігерлермен міндеттемелерді орындамағаны үшін шартты біржақты тәртіппен бұзуды, ал мектептердің құрылысын конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша екінші орын алған компанияға беруді ұсынамын», - деді Айманбетов.

Мектептердің сыртқы қасбетіне қатысты Samruk-Kazyna Construction басшысының орынбасары Амангелді Саттаров барлық жайлы мектептердің қасбеттері сызықтық панельден болуы тиіс екенін түсіндірді. Ақтөбеде осы материалды шығаратын зауыт табысты жұмыс істеуде. Оның қуаты БҚО мен Ақтөбе облысындағы барлық жайлы мектептерді сызықтық панельдермен қамтамасыз етуге жеткілікті.

Айманбетов БҚО әкімдігіне «Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістер туралы еске салды, оған сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде мектептерге сыртқы инженерлік желілерді жобалау және салу бойынша сатып алуды бір көзден жүргізуге болады. Яғни, мемлекеттік сатып алу туралы Заң ұлттық жобаға қолданылмайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді айқындайды, олармен азаматтық-құқықтық шарттар жасасып, қазынашылық органдарында тіркейді.

Жиын қорытындысы бойынша Нариман Төреғалиев Samruk-Kazyna Construction тарапынан барлық мәселелер, соның ішінде жобалық мәселелердің шешілгеніне, қаржыландыру бөлінгеніне, тиісті құжаттарға өзгерістер енгізілгеніне көз жеткізіп, ризашылығын білдірді. Енді мердігерлер тарапынан жұмысты бастап, қарқынын арттыру және жобаны лайықты аяқтау қалады. Басқарма Төрағасы облыс әкімін бірлескен жемісті жұмысты жалғастыруға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов сейсенбі күні  Павлодар облысына барып, өңірде ұлттық жобаның іске асыру барысымен танысты. Сәрсенбі күні Абай облысына барады.

Төрағасының блогы