12 ақпанда Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады. Олар Жезқазған қаласындағы «Геологический» шағын ауданында 300 оқушыға арналған жайлы мектеп құрылысының барысын талқылады. Білім ошағын оқу жылы басталғанға дейін тапсыру қажет, алайда құрылыс қарқыны әлсіз, мердігер «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС кестеден артта келе жатыр.

     Бүгінгі таңда іргетас орны дайын, таспалары мен блоктары ішінара орнатылған. Бұған дейін жоба құнын негізсіз қымбаттату жағдайларының анықтаулына байланысты жұмыстар тоқтатылған болатын. ЖСҚ «Мемсараптама» РМК порталына жүктелген. Ақпан айында қорытынды алу жоспарлануда.

     Мәулен Айманбетов жайлы мектептердің аумақтарына сыртқы инженерлік желілерді уақтылы тарту мәселесіне баса назар аударды. Ол үшін «Білім туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, бұл әкімдерге желілер салу бойынша мердігерлерді бір көзден анықтауға, олармен азаматтық-құқықтық шарт жасасуға мүмкіндік береді. Бұл бюрократияны қысқартады және алтын уақытты үнемдейді.

     Берік Әбдіғалиұлы барлық мәселелерді бақылауға алып, мердігер ұйым басшысын жұмыс қарқынын жеделдетуге шақырмақ.

     Ұлытау облысы бойынша барлығы 6 жайлы мектеп салу жоспарланған. 2024 жылы «Геологический» шағын ауданында бір мектеп пайдалануға беріледі, қалған 5 оқу орны 2025 жылы тапсырылмақ. Бұл жерде Samruk-Kazyna Construction атына жер учаскелерін рәсімдеу процесі жүріп жатыр. Барлық 5 учаскеде болашақ мектепті орналастыру бойынша алдын ала сызбалары бар.

Төрағасының блогы