12 ақпан түнде Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Астанадан Павлодар облысына көлікпен шығып, таңғы 8-ден бастап жайлы мектептердің учаскелерін аралауды бастады. 2024 жылы Павлодар қаласында 600 және 1200 орындық 2 мектеп тапсырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, облыс орталығында 2025 жылы тағы 3 жайлы мектеп салу үшін учаскелер бөлінген.

          Мәулен Айманбетов Павлодар облысының білім, энергетика және құрылыс басқармасының басшыларымен бірге барлық учаскелерді тексерді.

          Ол мемлекеттік тілде оқытатын 600 орындық №47 мектептің құрылысы бойынша нақты ескертулер мен тапсырмалар берді. Мердігер – «VentKarkaraServis» ЖШС. Басқарма Төрағасы жобалау ұйымына келесі аптада объектінің қаңқасы бойынша барлық сызбаларды беруді және 3 аптадан кейін ЖСҚ-ны мемлекеттік сараптамаға жіберуді тапсырды, өйткені бұл жеке жоба. Жергілікті атқарушы органдар мектеп аумағынан су құбыры мен кәріз желілерін шығару жұмыстарын жалғастыруда. Айманбетов бұл шаруаны жеделдетуді өтінді. Мердігер эскроу-шоттар арқылы құрылыс материалдары мен жабдықтарын сатып алу мүмкіндігін пайдаланады.

          Бұдан әрі Samruk-Kazyna Construction басшысы «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігер болып табылатын «Достық» шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысының барысын тексерді. Жоба мемлекеттік сараптамадан өту процесінде, бірақ құрылыс алаңында жұмыс істеуге қажетті барлық сызбалар бар. Бұл мердігерді қаржыландыру бойынша сұрақтар жоқ.

          «Жастар» шағын ауданындағы жер учаскесінде болашақ жайлы мектептің жүктелуі мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, «Восточный» шағын ауданында 1200 орындық жайлы мектепті орналастыру мәселесі сөз болды.

          Құрылыс алаңдарын аралап шыққаннан кейін Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановпен отырыс өтті, оған Басқарма Төрағасы мен барлық мердігерлік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ онлайн режимде Samruk-Kazyna Construction орталық аппараты мен жобалаушылар қатысты.

          Жиында бірнеше жайлы мектептердің жобалық қуатын қысқарту туралы өзара ұжымдық шешім қабылданды, атап айтқанда:

  • «Жастар» шағын ауданындағы жайлы мектептің жобалық қуатын 1200-ден 300-ге дейін қысқарту;
  • «Усольский» шағын ауданындағы жайлы мектептің жобалық қуатын 1200-ден 600-ге дейін қысқарту;

          Бұл шағын аудандарда оқушы орындарының тапшылығы жоқ, сондықтан олардың ықтимал жүктемесі туралы мәселе туындайды. Сонымен қатар, құрылыс алаңы тар.

          Жиын қорытындысы бойынша барлық мердігер ұйымдарға жергілікті атқарушы органдар мен Samruk-Kazyna Construction тарапынан қолдау көрсетілетіні айтылды. Бұл барлық мәселелерді тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік береді7

Төрағасының блогы