14 ақпан күні таңертең «Samruk-Kazyna Construction» Басқарма Төрағасы Шығыс Қазақстан облысындағы жайлы мектептердің құрылыс учаскелерін аралады.

Мәулен Айманбетов Өскеменнің 19 шағын ауданында орналасқан 600 орындық екі білім беру нысаны құрылысының барысымен танысты. Мердігерлер «ЭЛХОН» ЖШС және «AST Qurylys» ЖШС жұмыс қарқыны жақсы. Айманбетов атап өткендей, осы екі мектептің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Негізгі жоба, Риддер қаласындағы 600 орындық мектептің ЖСҚ 31 қаңтарда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды.

ШҚО-да 2023-2025 жылдар аралығында 4200 орындық 10 мектеп салу жоспарланған. 7 мектеп ағымдағы жылы тапсырылмақ, оның ішінде 6 мектеп 1 қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

ШҚО әкімдігінде Мәулен Айманбетов пен өңір басшысы Ермек Көшербаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Инженерлік инфрақұрылымды талқылау барысында әкім орталық жылу желісіне қосылмаған жайлы мектептерде газгольдерлерді электр қазандықтарына ауыстыру қажеттігі туралы айтып, өте маңызды мәселені көтерді.

«Біз газгольдерді алып тастауымыз керек. Бізде газ жоқ. Сонымен қатар, біздің қатты климатқа олар жарамайды, мектептерді қатырып аламыз», - деді Көшербаев.

Ұлттық жобаны іске асыру туралы Үкіметтің қаулысында электрлі жылумен жабдықтау көзделмегеніне қарамастан, Samruk-Kazyna Construction басшысы мәселені «Мемсараптама» РМК-мен жұмыс тәртібінде шешуге уәде берді. Нәтижесінде мектептердің техникалық шарттарына тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Мәселе сол жерде шешілді.

Барлық ұсыныстар мен ескертулер назарға алынды, ал олардың орындалуы Басқарма Төрағасының жеке бақылауында болады. Жалпы, ұлттық жоба бойынша өңірде өткір проблемалық мәселелер жоқ, қаржыландыру мәселесі шешілген. Samruk-Kazyna Construction мердігерлерге аванс берудің 2 әдісін ұсынады: банктік кепілдік ұсыну арқылы немесе эскроу-шоттар арқылы материалдар мен жабдықтарды сатып алу.

ШҚО әкімімен кездесуден кейін  Мәулен Айманбетов сағат 15:00-де Алматы қаласына ұшып кетті, онда оңтүстік астананың басшысы Ерболат Досаевпен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Төрағасының блогы