«BRICK TOWN» тұрғын үй кешені Есенберлин даңғылында орналасқан. Жаңа заманауи баспананы тапсыру 2024 жылдың маусымына жоспарланған. Құрылыс алаңындағы жағдаймен Samruk-Kazyna Construction Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында танысты.

Өскемендіктер құрылыстың аяқталуын асыға күтуде, өйткені кешенде 279 пәтер бар. Бұл дегеніміз, жазда осынша отбасы армандаған пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлайды.

Жалпы ауданы 21,5 мың м² асатын «BRICK TOWN» 14 тұрғын үй және 3 коммерциялық блоктан тұрады. Құрылыс салушы – «UK Building LTD» құрылыс компаниясы.

Samruk-Kazyna Construction заманауи ТК құрылыс жобаларына белсенді инвестиция салады, себебі бұл біздің азаматтар үшін сапалы әрі арзан тұрғын үйді қолжетімді етеді.

Жалпы сомасы 5,3 млрд теңгені құрайтын жоба Samruk-Kazyna Construction қатысуымен іске асырылды. ТК құрылысына компания өзінің инвестициялық қызметі шеңберінде 4,2 млрд теңгеден (80%) астам инвестиция салды.

Мәулен Айманбетов жұмыс кестесінен қалыс қалмауды, жұмысты бірнеше ауысымда ұйымдастыруды және тұрғын үй кешенін белгіленген мерзімде пайдалануға беруді жүктеді. Оның айтуынша, болашақ тұрғындар сапалы салынған пәтерлерді уақытында алуы керек.

Төрағасының блогы