Мәулен Айманбетов жұмыс күнін Розыбакиев-Левитан көшелерінің қиылысындағы 1500 орындық жайлы мектептің құрылыс алаңынан бастады. Мердігер ұйым - "Bazis Construction" ЖШС. Қос тарап инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді және нысанды кірме жолдармен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.

Бұл проблемалар өзге де оқу орындары үшін өзекті, оларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешу үшін Мәулен Айманбетов Алматы әкімдігінің өкілдерімен өткен жиынға қатысты.

Құрамыс шағын ауданындағы жайлы мектепте инженерлік желілер мәселесі өте өткір тұр. 2 жыл бұрын жергілікті атқарушы органмен басталған бұл шаруа әлі аяқталар емес. Себебі желілерді тартуға арналған бос арналар жоқтың қасы. Сұрақ күрделі болғанымен, шешуге болады. Ол үшін құрылыс басқармасы жер астында жатқан құбыр мен сымдардың «иелерін» тауып, олардың бәрін біріктіруі тиіс, осылайша қосымша орында босатқан абзал. 

Күн тәртібіне жайлы мектептер үшін жолдар мен тұрақ орындарын салу да шығарылды. Алматы қалалық мобильдік басқармасы аталған бағыт бойынша жобалау жұмыстары аяқталып жатқанын айтты. 3 жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптама порталына жүктелді, тағы 9-ы - кезекте. Оң қорытынды алынғаннан кейін әкімдік мемлекеттік сатып алулар бойынша тиісті жұмыстарды бастамақ. Алайда,  процес көп уақытты алады, шаруа оқу орындарының құрылысы аяқталғанға дейін созылып кетуі  мүмкін. Бұған жол бермес үшін "Білім туралы" Заңға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде нысандарға сыртқы инженерлік желілерді жобалау және салу бойынша сатып алуды бір көзден жүргізуге болады. Мәулен Айманбетов басқарма мамандарына мүмкіндікті, жұмыстарды 1 тамызға дейін жүргізуге кеңес берді.

Мәулен Айманбетов болашақ білім ошақтарын  инженерлік коммуникациялық инфрақұрылыммен тартудың кестесін әзірлеу қажеттігін айтты. Мұнда шаруаға жауапты тұлғаларды белгілеп, нақты аяқталу мерзімін де көрсету керек..

Жиналыс соңында Басқарма Төрағасы онлайн байланыста отырған мердігерлерге жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, ұлттық жобаның іске асырылу барысымен және мерзімдерімен таныстыруды тапсырды. Аталған іске жергілікті атқарушы органдар да атсалысуы қажет.

Жалпы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Алматы қаласында  22 білім беру нысаны салынады, оның 13-і "Samruk-Kazyna Construction" АҚ тапсырысы бойынша тұрғызылып, ағымдағы жылдың соңына дейін халық игіліне беріледі.

Төрағасының блогы