Сенбі күні таңертең Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Малғаздаровтың төрағалығымен Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарымен онлайн режимде кездесу өтті. Өңірде ұлттық жоба аясында ағымдағы жылы 9 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарлануда, бұл бір ауысымда 12,4 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

"Каспий Құрылыс ЛТД" ЖШС және «Каспийская Кадровая Ассоциация» ЖШС төрт жайлы мектептен салып жатыр. Тағы бір оқу орнының құрылысына «БатысСтройСервис-Атырау» ЖШС жауап береді. Мердігерлердің айтуынша, проблемалар жоқ, жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде, қазіргі уақытта монолиттен нысанның қаңқасын қалану үстінде.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды тарту бойынша мәселе туындамайды. Жергілікті атқарушы органдар барлық мектептерді қажетті желілермен уақытында қамтамасыз етуге уәде берді.

Кездесуде 2024-2025 жылдары 3 жайлы мектепті салуға арналған жер учаскелерін бөлу және ресімдеу ісі де талқыланды. Қызылқоға ауданы Сағыз ауылындағы 600 орындық оқу орны үшін аумақты кеңейту қажет. Қазіргі уақытта учаске ауданы 2,4 гектарды құрайды, бұл спорттық алаңдарды орналастыру үшін жеткіліксіз. Мәселе Атырау қаласындағы Елеусов көшесінде 2000 орындық нысан бойынша да өзекті. Жер телімін ұлғайтуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан, жергілікті атқарушы орган өкілдері мектептін орнын Самал шағын ауданына ауыстыруды ұсынды.

Төрағасының блогы