Қаңтар айының соңында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының бірінші кезеңі шеңберінде мердігерлермен (консорциум жетекшілерімен) мектептерді жобалап, салып, дайын күйде тапсыру бойынша 208 ЕРС-шартқа қол қойылғаны туралы хабарлады. Конкурстық іріктеудің қалай өткені туралы, сондай-ақ әлеуетті мердігерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы осы материалда баяндаймыз. 

Samruk-Kazyna Construction 2023 жылдың 31 наурызы мен 31 тамызы аралығында өзінің электрондық платформасында 208 мектепті жобалап, салып, дайын күйде тапсыруға конкурстық рәсімдер өткізді. Құқық белгілейтін құжаттарды ұзақ рәсімдеу және жер учаскелерінің дайын болмауына байланысты конкурстар үш кезеңде өткізілді:

  • 1 кезең – 118 мектепке сәуір айында;
  • 2 кезең – 57 мектепке мамыр-маусым айларында;
  • 3 кезең – 33 мектепке шілде-тамыз айларында.

Жайлы мектептерді салу және жобалау бойынша конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру кезінде ашықтықтың барлық талаптары мен қағидаттары сақталды. 45 адамнан тұратын комиссия құрылып, оған конкурстық комиссияның 13 мүшесі, сараптамалық комиссия құрамынан 21 адам және 11 бақылаушы кірді. Байқаушылар тізіміне Оқу-ағарту министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Атамекен» ҰКП қоғамдық кеңестерінің мүшелері және Астана, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің өкілдері кірді. Бақылаушыларға skcn.qaz.network сатып алу порталына кез келген уақытта кіріп, құжаттарды жүктеуге және конкурстық рәсімдердің қорытындыларымен салыстыруға мүмкіндік берілді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмай, жалпы бақылауды қамтамасыз етті.

Әлеуетті мердігерлер жеке де, құрылыс және жобалау компанияларынан тұратын консорциум құрамында да конкурсқа қатысуға өтінім бере алды. Ұлттық жоба шеңберінде мектептерді салу мен жобалауға, сондай-ақ техникалық қадағалау бойынша қызметтер көрсетуге 87 конкурс өткізілді, оның ішінде:

  • 208 мектепті жобалап, салып, дайын күйде тапсыруға 51 конкурс. 402 әлеуетті мердігерден 1161 өтінім қаралды;
  • 112 мектептің құрылысын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерге 36 конкурс. 153 әлеуетті жеткізушіден 798 өтінім қаралды.

Өткен конкурстардың қорытындысына барлығы 273 арыз-шағым түсті. Оның ішінде тек 8 өтініш бойынша дәйектер расталды. Бұл келіп түскен шағымдардың жалпы санының 3% құрайды.

Тәжірибелі және қаржылай тұрақты құрылыс компанияларын іріктеу мақсатында әлеуетті мердігерлерге қатаң біліктілік талаптары қойылды. Ұлттық жобада құрылыстың сапасына, мердігердің адалдығы мен жауаптылығына баса назар аударылады. Сол себепті мектептер 3 санатқа бөлінді:

  • 1 санат – 1500-2500 орындық жайлы мектептер;
  • 2 санат-600-1200 орындық жайлы мектептер;
  • 3 санат-300 орындық жайлы мектептер.

1-ші санаттағы мектептер үшін мердігердің тәжірибесі, оның ішінде әлеуметтік объектілерді салу бойынша, кемінде 10 жыл болуы тиіс, 2-ші санат үшін – 5 жыл, 3-ші санат үшін – 3 жыл. Соңғы 5 жылда пайдалануға берілген үй-жайлардың жалпы ауданы да ескерілді. 1 санат үшін көрсеткіш кемінде 75 000 м², 2 санат үшін – 35 000 м², 3 санат үшін 25 000 м² болуы керек.

Әлеуетті мердігерлерде ашық сот процестерінің, салық бойынша берешектің болмауы, сондай-ақ білікті мамандар мен арнайы техниканың болуы тексерілді. Мұндай қатаң талаптар «бір күндік» фирмалар  мен жосықсыз компаниялардың іріктеуден өткізбеді. Сонымен қатар, әлеуетті мердігер банктік кепілдік ұсынуға міндеттелді. Бұл оны құрылысты уақытылы аяқтауға ынталандырады, ал мердігер жосықсыз болған жағдайда бюджет қаражатының сақталуына кепілдік береді.

Конкурстық рәсімдерді өткізу барысында салалық бірлестіктер мен «Атамекен» ҰКП тарапынан біліктілік талаптарына өтініштер мен ескертулер келіп түсті. Олардың барлығы ескеріліп, талаптар жеңілдетілді. Мысалы, төленген салықтардың ең төменгі сомасының шегі төмендетілді. Бұрын әлеуетті өнім беруші соңғы 5 жылда жыл сайын кемінде 500 млн теңге салық төлесе, әр жыл үшін 1% көлемінде шартты жеңілдік алды. Түскен өтініштердің негізінде бұл шекті соманы 300 млн теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, конкурстық құжаттаманы, атап айтқанда материалдық және еңбек ресурстары бойынша ақпарат беру кезінде әлеуетті мердігерлерге растау құжаты ретінде алдын ала шарттарды, ниет шарттарын, келісімдер мен меморандумдарды ұсынуға мүмкіндік берілді. Бұрын тек қолданыстағы шарттар қажет болатын.

Егер мердігер мектеп салынып жатқан өңірде тіркелген, яғни жергілікті болса, жеңілдік беріледі. Сондай-ақ бұған дейін салынған әрбір мектеп үшін, соңғы 10 жылдағы жалпы құрылыс тәжірибесі және жыл сайын төленген салық сомасы үшін құрылыс компанияларына 10%-ға дейін шартты жеңілдіктер қарастырылған.

Ұлттық жобаны сәтті іске асыру мектеп тапшылығы мен оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін барлығы 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарлануда. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысы бойынша 359 нысан, оның ішінде 208 мектеп – 2024 жылы, қалған 151 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі. 10 мектепті жергілікті атқарушы органдар арқылы салынбақ. Оның ішінде 1 мектеп мемлдекеттік-жекеменшік әріптестік әдісімен, ал 9 мектеп дайын объектіні тауар ретінде сатып алу арқылы қолданысқа тапсырылады.

Заманауи, жайлы мектепте сапалы білім беру -  болашақ ұрпақ қана емес, бүтін Қазақстанның тұрақты дамуына әсер ететін негізгі факторларының бірі. Сол себепті, білім ошақтарының құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылады, ал жайлы мектептердің 44%, нақтырақ 163 білім ошағы, ауылдық жерлерде бой көтереді.

Жақын арада «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырудың 2 кезеңі шеңберінде 151 мектептің мердігерін анықтау үшін конкурс жарияламақ. Бұл туралы қосымша хабарланады.

Төрағасының блогы