Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов елорданың бірқатар инфрақұрылымдық, әлеуметтік және спорт нысанына барды.

     Олжас Бектенов Төле би көшесіндегі 2 000 орынға арналған жайлы мектеп құрылысының барысымен танысты. Аталған нысанның ашылуы осы жылдың тамыз айына жоспарланған.

     Астана қаласында ұлттық жобаны жүзеге асыру барысы туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов баяндады. Оның айтуынша, жоба шеңберінде елордада 24 заманауи білім ошағы бой көтереді. Жоспар бойынша 10 мектеп 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсырылып, жаңа оқу жылында жеткіншектерді қабылдай бастайды.

     «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Республикада 2024-2025 жылдары 740 мың оқушыға арналған 369 жайлы мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті іске қосу жоспарлануда. 208 мектеп «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысы бойынша салынса, 9 мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы, ал 1 мектеп дайын нысанды тауар ретінде сатып алу механизмі бойынша қолданысқа тапсырылады.

     Мектептердің құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүргізіледі. Бұл ретте ауылдық жерлерде 163 мектеп салынады. Олжас Бектенов бұл жұмыстарда отандық өндірістің құрылыс материалдары мен жиһаздарын белсенді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Төрағасының блогы