Ақмола облысында 18 жайлы мектептің құрылысы жоспарланған. Ағымдағы жылдың соңына дейін Көкшетау қаласында, Талапкер, Қоянды, Қаражар, Қараөткел, Ақмол және Қабанбай батыр ауылдарында 9 нысан пайдалануға беріледі.

Ұлттық жобаның іске асырылу барысын Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – бірінші дивизион жетекшісі Ғабит Малғаздаров тексерді. Алғашқы нысан - Целиноград ауданына қарасты Қабанбай батыр ауылындағы 1200 орындық жайлы мектеп. "Казстройподряд" мердігерлік ұйымы білім ошағының қаңқасын тұрғызуды аяқтап жатыр. Алайда, процестің сапасына, атап айтқанда бетон құю шаруасына қатысты бірнеше ескерту бар. Ғабит Малғаздаров анықталған кемшіліктерді жойып, қасбет пен терезелерді орнатуға, ішкі әрлеу жұмыстарына көшуге бір апта уақыт берді.

Қаражар, Талапкер, Қараөткел, Ақмол ауылдарындағы құрылыс алаңдарындағы жағдай да осыған ұқсас. Елді мекендердің әрқайсысында 1200 оқушыға арналған жаңа форматтағы оқу орындары бой көтеруде. Көтерілген сұрақтар шешімін тапты, ал шаруа белгіленген мерзімге сай атқарылып жатыр.  Учаскелерде Басқарма төрағасының бірінші орынбасары мен мердігер ұйымдардың басшылығы мектептерді жиһазбен қамтамасыз ету мәселесін талқылады. Құрылыс компанияларының айтуынша, қазіргі уақытта әлеуетті тауар өндірушілерді іріктеу жүргізіліп жатыр. Бастысы - болашақ білім ошақтарына арналған жиһаз тек қазақстандық бизнестен сатып алынбақ.

Ғабит Малғаздаровтың Ақмола облысына, сондай-ақ бірінші дивизионның құрамына кіретін басқа өңірлерге жұмыс сапары жалғасын таппақ.

Бірінші дивизионның құрамы: Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстары.

 

Төрағасының блогы