Оңтүстік өңірлерге жұмыс сапары барысында 29-30 наурызда Samruk-Kazyna Construction Басқарма төрағасы Мəулен Айманбетов Алматы облысындағы жайлы мектептердің құрылыс алаңдарына барды.

Екі күн ішінде SKCN басшысы өңір бойынша салынып жатқан барлық 26 білім ошағын аралап шықты. Нəтижесінде бірқатар проблемалық мəселелер шешіліп, маңызды шешімдер қабылданды. Барлық мердігерлерге жұмысты 2-3 ауысымда ұйымдастыру тапсырылды. 

Жұмыстың өте төмен қарқыны жəне жауапсыздығы үшін Көктал елді мекенінде 600 орындық жайлы мектеп салу бойынша SHEBERBUILD компаниясымен шартты бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл мердігер облыста 5 бірдей оқу орнын салуға конкурсты ұтып алған Тек жоғарыда аталған себептерге сəйкес барлық 5 нысан бойынша (Сатай, Қарасу, Төңкеріс, Жалқамыс жəне Көктал ауылдарында) шарттар біржақты тəртіппен бұзылды, ал құрылыс конкурстық рəсімдердің қорытындысы бойынша екінші орын алған компанияларға сеніп тапсырылды.

"Сіздер барлық нысандар бойынша мерзімдерден қатты кешіктіңіздер. Біз юұдан əрі күте алмаймыз, сондықтан сіздермен барлық шарттарды бұзуға мəжбүрміз. Орындалған жұмыс көлемін бағалау үшін тəуелсіз компанияны жалдаймыз. Оның қорытындысы мен актілерге сəйкес жаңа мердігер соңғы тиынға дейін барлық шығындарыңызды өтейді", - деп түсіндірді Айманбетов.

Оның сөзінше мердігер ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы қарым-қатынас қарапайым құрылысшыларға əсер етпеуі керек.

"Барлық білікті əрі жауапты мамандар мен жұмысшылар, əсіресе жергілікті тұрғындар өз орындарын сақтап қалуы керек, өйткені бұл жағдайда қатардағы құрылысшылардың кінəсі жоқ. Олар өз отбасыларын адал еңбекпен асырап отқан біздің отандастарымыз, сондықтан олар жұмыссыз қалмауы керек", - деді SKCN басшысы жаңа мердігер "Компания Строй Индустрия" ЖШС басшылығына.

Нысандарды аралау нəтижесінде қабылданған шешімдер мен берілген тапсырмалар:

  • барлық жайлы мектептерді балаларды қауіпсіз отырғызып-түсіру үшін автобус аялдамасымен қамтамасыз ету, берік қоршауларды орнату, кірме жолдарды жасау жəне жарықтандырылған автотұрақтарды орнатуды қазірден ойластыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қажетті жер учаскелерін сатып алу жəне мемлекет меншігіне алу бойынша барлық рəсімдерді жуық арада аяқтау қажет;
  • мердігерлер қысқа мерзімде "Е-Qurylys" ақпараттық жүйесіне деректер мен құжаттаманы енгізу үшін жауапты қызметкерлерді анықтап, оларды оқытуды бастауы тиіс. 1 мамырдан бастап жайлы мектептердің құрылысы осы жүйе арқылы толығымен жүргізіліп, бақыланатын болады;
  • мердігерлер Қазақстанда өндірілген мектеп жиһазын, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды сатып алу бойынша шарттар жасасуды бастауы тиіс. Жайлы мектептерді жарақтандыру бойынша барлық шешімдер облыстық білім басқармасымен алдын ала келісілуі шарт;
  • "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ға қасбет материалдарын, жиһазды, құрылыс материалдары мен жабдықтарды жасайтын отандық өндірушілермен оффтейк-келісімшарттар жасасу бойынша бекітілген кестені ұсыну қажет;
  • жобалық компаниялар жайлы мектептердің бас жоспарларында жасыл желек пен көгалдары бар бос алаңдардың орнына қосымша ойын жəне спорт алаңдарын орнату бойынша талапты ескеруі керек.

Алматы облысында "Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасы бойынша 9 білім ошағы оқу жылының басында өз есігін айқара ашады. Жалпы, жыл соңына дейін өңірде 26 заманауи мектепті пайдалануға беру жоспарланған:

Қарасай ауданында: 

  • Көкөзек ауылында 1500 орынға;
  • Қошмамбет ауылында 1200 орынға;
  • Елтай ауылында 1200 орынға;
  • Алмалыбақ ауылында 1500 орынға;
  • Қаскелең қаласында 1500 орынға;
  • Долан ауылында 1200 орынға;
  • Бұлақты ауылында 900 орынға;
  • Кемертоған ауылында 1500 орынға арналған жайлы мектептер.

 Жамбыл ауданында: 

  • Қарғалы ауылында 900 орынға;
  • Сарыбай би ауылында 600 орынға;
  • Ұзынағаш ауылында 1500 орынға арналған жайлы мектептер.

Еңбекшіқазақ ауданында: 

  • Алмалы ауылында 600 орынға;
  • Ащысай ауылында 900 орынға;
  • Сатай ауылында 600 орынға;
  • Қаражота ауылында 300 орынға арналған жайлы мектептер.

Талғар ауданында: 

  • Төңкеріс ауылында 600 орынға;
  • Жалқамыс ауылында 600 орынға;
  • Көктал ауылында 600 орынға;
  • Қызылту ауылында 900 орынға;
  • Тұздыбастау ауылында 1500 орынға;
  • Жаңалық ауылында 900 орынға;
  • Талдыбұлақ ауылында 600 орынға арналған жайлы мектептер.

 Іле ауданында: 

  • Қоянқұс ауылында 900 орынға;
  • Н.Тілендиев ауылында 900 орынға;
  • М.Түймебаев ауылында 900 орынға;
  • Еңбек ауылында 600 орынға арналған жайлы мектептер.

 

Төрағасының блогы