2022 жылғы 14 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Зарлықұлы Айманбетов құрылыс барысын бақылау мақсатында Алматы қаласында салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және тұрғын үй нысандарын аралады.

Төраға тұрғын үй кешендерінің, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығының құрылыс алаңдарында болды.

Нысандардың құрылыс алаңдарын аралау қорытындысы бойынша Төраға құрылыс жұмыстарын нақты және уақтылы аяқтауға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Мәулен Зарлықұлы дағдарысқа қарсы бағдарлама және «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үй нысандарын басқару органдарымен көшпелі кеңес өткізді.

Кеңес аясында қоғам жалгерлерінің жағдайын жақсарту үшін проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешудің бірлескен жолдары талқыланды.

Алматы қаласын аралау барысында Мәулен Зарлықұлы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Бақытұлы Әзірбаевпен кездесті.

Бұл кездесуде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Алматы қаласының тұрғын үй қорын жаңартуға қатысу мүмкіндігі мәселесі талқыланды.

Төрағасының блогы