Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Samruk-Kazyna Construction" АҚ сенімгерлік басқаруындағы «Karabatan Utility Solutions» ЖШС («KUS» ЖШС) Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының («ҰИМТ» АЭА) аумағында орналасқан полипропилен және полиэтилен зауыттарын қажетті өндірістік инфрақұрылыммен, оның ішінде су дайындау және сарқынды суларды тазарту қондырғысымен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыруда.

Техникалық сумен (деминерализацияланған су, өндірістік-өртке қарсы су, тұзсыздандырылған су және т.б.), қажетті энергия ресурстарымен «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС интеграцияланған газ-химия кешенін қамтамасыз ету (ИГХК «KPI» ЖШС) «ҰИМТ»АЭА дамытудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

«KPI» ЖШС ИГХК уақтылы пайдалануға беру үшін жалпы зауыттық инфрақұрылым объектілерінің болуы қажет.

2022 жылғы 16 наурызда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығы «Су дайындау» объектісінде іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу, «Жалпы зауыттық инфрақұрылым» объектісінің құрылысы барысымен, сондай-ақ номиналды қуаты 310 МВт ПГТЭС ағымдағы қызметімен танысты.

Жұмыс сапары барысында қалған жұмыстар анықталды, шартқа сәйкес жұмыстарды уақтылы және сапалы аяқтау үшін басым міндеттер қойылды.

Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығы Атырау қаласындағы «Французский квартал» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын тексерді.

Тексеру барысында бас мердігер ұйымға бірқатар тапсырмалар берілді, оның ішінде тұрғын үй кешенінің аумағын абаттандыру қажеттілігі де бар.

Төрағасының блогы