«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов ағымдағы жылдың 25 наурызында "Stream energy company" ЖШС Құрылыс салушымен бейнеконференция өткізді, отырыс барысында Атырау қаласындағы «Французский квартал» ТК объектісін уақтылы пайдалануға енгізу талаптары мен мүмкіндіктері қаралды.

«Stream energy company» ЖШС Құрылтайшысы И.А. Әліпов және «СК Девелопмент» ЖШС техникалық қадағалау өкілі құрылысқа инвестициялау шартын орындау аясында барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы және объектінің уақтылы пайдалануға берілуі туралы ақпарат берді.

Баяндамалар негізінде Басқарма Төрағасы «KPI inc.» ЖШС и «KUS» ЖШС блоктары бойынша жұмыстарды аяқтау мақсатында еңбек ресурстарын жұмылдыруды жүргізуді, сондай-ақ пәтерлерді пайдалануға бергенге дейінгі қызмет процесін қамти отырып, жұмыстар жүргізу кестесін құрастыруды «BASTAU CONSTRUCTION» ЖШС Құрылыс салушыға тапсырды. Сондай-ақ, ҚНжЕ талаптарына сәйкес объектінің аумағын абаттандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, инженерлік желілерді төсеу орындарында топырақты қайта толтыру және қабатты тығыздау технологиясын сақтау міндеті қойылды. Сонымен қатар, міндеттемелерді уақтылы орындау үшін объектіні пайдалануға беру жөніндегі құжаттаманы дайындау тапсырылды. Жоғарыда аталған тапсырмаларды іске асыруға 2022 жылғы 25 наурыздан бастап кірісу қажет.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірінші басшысы «СК-Девелопмент» ЖШС алдына мердігер орындайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына тұрақты негізде бақылау жүргізу, сондай-ақ өндіріс мәдениетін сақтай отырып, ЕҚ және ҚТ, ҚЕ нормаларының орындалуына мониторинг жүргізу міндетін қойды.

Төрағасының блогы