2022 жылғы 5 сәуірде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов азамат және жеке кәсіпкер Б.М. Кимановты қабылдады, ол а. ж. 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. А. Смайыловтың атына өтініш жолдады.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ бейінді министрліктер мен ұйымдар арасында бірінші болып жоғарыда аталған үндеуге үн қосты. Кездесу барысында Б.М. Киманов әлеуметтік және құрылыс саласын дамыту үшін маңызы бар мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, ҚР-да жабу плиталары, автоклавты газоблок, жылытудың базальтты плиталары, сэндвич-панельдер, тығындау және қаптау кірпіштері және цемент өндірісі сияқты тапшы құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар ашу арқылы жұмыс орындарын құру ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде, М.З. Айманбетов сапалы және қолжетімді тұрғын үй беру, өңірлердегі ескі тұрғын үй қорының проблемаларын шешу, жаңа өндірістерді құру, сондай-ақ импортты алмастыратын құрылыс материалдарын өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және т. б. бағыттар арқылы Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін ағымдағы Қоғамның іс-шараларын іске асыруды бойынша айтты.

Отырыс соңында тараптар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Басқарма Төрағасы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жұмыс және тікелей байланыста ұсыныстарды зерделеуді тапсырды.

Төрағасының блогы