2022 жылғы 13 маусымда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басшысы М.З. Айманбетов Қоғамның департаменттерімен құрылымдық бөлімшенің толық құрамы қатысатын кеңес өткізу жұмысын жалғастырды. Аталмыш кеңес форматы әр қызметкерге өз бастамаларын жеткізіп және Қоғам Басқармасының Төрағасына қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік береді.

Бүгін Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік департаменттері қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Кеңес барысында Қоғамның ағымдағы қаржылық қызметі бойынша мәселелер кешені қаралды. Талқылау барысында жақын болашақтағы жұмыс көлемі көрсетілді.

Екінші Кеңес Жалгерлік төлемдер мониторингі департаментімен өтті, оның барысында Қоғам жалгерлерімен жұмыс істеуге қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Талқылау барысында бизнес процестерді автоматтандыру және цифрландыруды қамтамасыз ету, оның ішінде көп арналы Call centre байланысы бойынша міндеттерді шешуге назар аударылды.

Кейін Инвестициялар, экономика және қазынашылық департаментімен кеңес өтті, онда құрылыс материалдарын өндіру бойынша зауыттар салу, авариялық және ескірген тұрғын үйлерді реновациялау мәселелері талқыланды, сондай-ақ Департаменттің басқа да міндеттері қаралды.

Келесі кеңес Құқықтық сүйемелдеу департаментімен, HR және ұйымдастыру жұмыстары, сатып алуларды басқару және ақпараттық технологиялар бойынша қызметтері қатысуымен өтті. Кездесу барысында Қоғам қызметін жүзеге асыру кезінде заңнаманы сақтау, барлық қажетті сатып алу рәсімдерін өткізу және т. б. мәселелер егжей-тегжейлі қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қоғам Басқармасының Төрағасы әрбір мәселе бойынша қысқа мерзімде қажетті шешімдер әзірлеу үшін айтылған барлық ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Төрағасының блогы