2022 жылғы 15 маусымда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов жылу оқшаулағыш материалдардың отандық өндірушісі болып табылатын MakWool компаниясының басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында MakWool компаниясы Директорлар Кеңесінің Төрағасы Ж.М. Мұхаметжан кәсіпорынның қызметі туралы айтып, Алматы қаласында жылу оқшаулағыш материалдарды өндіру зауытын салу және Макинск қаласында іске қосылған зауытты жаңғырту жобаларын ұсынды. Айта кету керек, қазіргі уақытта республикада жылу оқшаулағыш материалдардың ішкі нарығының қажеттілігі үш отандық өндірушілердің қуаты арқасында 50%-ға жабылады, ал қалған қажеттілік импортталады.

Қатысушылар ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын талқылау және өндірістік үдеріспен танысу мақсатында Макинск қаласындағы зауытта кездесу өткізуге келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қоғам Басқармасының Төрағасы М.З. Айманбетов Инвестициялар, экономика және қазынашылық департаментінің алдына осы жобаларды инвестициялаудың шарттары мен механизимдерін зерделеу міндетін қойды.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде Қоғам импортты алмастыруға бағытталған құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі зауыттар құрылысының жобаларына қатысу мәселелерін қарастыруда.

Төрағасының блогы