«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған басым көп пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесі бола отырып, тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарын қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның талаптарына сәйкес а.ж. 1 шілдеден бастап әрбір көп пәтерлі үйде өзінің басқару органы: Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе Жай серіктестік (ЖС) құрылуы тиіс.

Мәселен, Активтерді пайдалану және сату департаментінің кураторлары Қоғамның тұрғын үй кешендері орналасқан Қазақстанның барлық өңірлерінде тиісті жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні МИБ/ЖС-нің 56%-дан астамы тіркелді/құрылды, қалған бөлігі қажетті құжаттарды тіркеу немесе жинау сатысында және ағымдағы айдың соңына дейін аяқталатын болады.

Пәтер иелері кооперативтерінде (ПИК) бірнеше үйге арналған жинақ шоты болды, бұл шығыстардың біркелкі бөлінбеуіне әкелді. Қаржылық ашықтық көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшудің басты артықшылығы болып табылады. Осылайша, тұрғындардың жиналған қаражаты тұрғын үйді күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсалады.

2014-2019 жылдары пайдалануға берілген тұрғын үй объектілерінде ортақ мүлікті (ортақ пайдаланылатын орындарды, үйге ортақ инженерлік желілерді) жаңғырту, реконструкциялау немесе қалпына келтіру қажеттілігі туындады. Осы мәселелерді шешу мақсатында Қоғам тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күрделі жөндеу үшін қаражат жинау үшін жарналарға қаражат бөлуге ниетті, бұл күрделі жұмыс түрлерін жүзеге асыруды жеделдетуге ықпал етеді.

«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №246 бұйрығына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтайтын салымшы - екінші деңгейдегі банкпен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт жасасқан, пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері атынан әрекет ететін көппәтерлі тұрғын үй МИБ немесе көппәтерлі тұрғын үйдің ЖС болып табылатынын атап өткен жөн.

 

Төрағасының блогы