2022 жылғы 11 шілдеде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов бейне конференц байланыс форматында Басқарма Төрағасының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және Қоғамның өңірлік өкілдері қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.

Кеңес барысында М.З. Айманбетов Қоғам жобаларына инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Атап айтқанда, құрылыс материалдарын импортты алмастыру, ескі үйлерді реновациялау және көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салу жөніндегі зауыттар салу бағыттары бойынша жұмыс тобын құру.

Қоғамның Бірінші Басшысы тұрғын және коммерциялық үй-жайларды пайдалану мәселелерін анықтау және шешу бойынша бірқатар міндеттер қойды. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылау шаралары мен нысандардағы өндірістік жұмыстардың кестесін тездету мәселелері талқыланды.

Кеңестің күн тәртібі шеңберінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қағаз құжат айналымын оңтайландыру жөніндегі жұмыс процесі егжей-тегжейлі қаралды.

Кеңесте Қоғам қызметін жүзеге асыру кезінде заңнаманы сақтау, тәуекелдерді басқару, сатып алудың барлық қажетті рәсімдерін жүргізу және т. б. мәселелер талқыланды.

Кеңесті қорытындылай келе, М.З. Айманбетов басты мәселелерге назар аударды және шешу үшін тиісті тапсырмалар берді, сондай-ақ олардың орындалу мерзімдерін белгіледі.

Төрағасының блогы