2022 жылғы 12 шілдеде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М.З. Айманбетов Нұр-Сұлтан қаласында металл бұйымдарын өндіру зауытының құрылысына жоспарланған учаскені қарап шықты.

Жер учаскесін аралау барысында осы жобаның бастамашы-компаниясының басшысы «Astera Build Company» ЖШС басшысы шатыр материалдары мен қасбеттік бұйымдар шығаратын зауыт құрылысының жобасын таныстырды. Кездесуге қатысушылар жер нысанын аралап, өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, зауыт құрылысының жоспарлары мен мерзімдерін қарастырды.

 Қоғам Басқармасының Төрағасы М.З. Айманбетов атап өткендей, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ инвестициялық қызметінің негізгі бағыттарының бірі импортты алмастыруға және құрылыс материалдарының отандық бәсекеге қабілетті өндірісін құруға бағытталған зауыттар салу болып табылады.

Өңірлік бөліністе Нұр-Сұлтан қаласында жаңа ғимараттар салу жөніндегі жұмыстар басым. Сонымен қатар, объектілерді салу кезінде құрылыс материалдарының аса сұранысқа ие 11 түрінің бірі шатыр және қасбеттік тақталар материалдары болып табылады.

Жоғарыда аталған зауыттың қуаты бұрын Ресейден, Қытайдан және Финляндиядан дайын түрде импортталған құрлыс өнімдерді отандық өндірістің шатырлы және қасбеттік материалдарға алмастырып, ішкі нарықты қамтамасыз етуге жағдай тудырады. Шатыр материалдары мен қасбеттік тақталар заманауи жабдықтарда шығарылатын болады. Зауытта 70 жуық жұмыс орны, сондай-ақ құрылыс кезеңінде 90 жұмыс орны құрылады.

Зауыт құрылысының ұзақтығы – 12 ай. Осылайша, отандық өнімнің алғашқы шығарылымы 2023 жылдың қыркүйегінде жоспарлануда.

Төрағасының блогы