«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қазақстанның 20 өңірінде ведомствоаралық комиссиялар құрылды, оған жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, прокуратура, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар департаменттерінің, білім басқармаларының, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өңірлік өкілдері кіреді.

Ведомствоаралық жұмыс топтары мектеп жиһазын пайдаланушыларының қажеттіліктерін зерделеу, сарапшылардың пікірін жан-жақты ескеру, өндірістің әлеуеттін бағалау және сапалы мектеп жиһазын шығаратын кәсіпорындарды анықтау мақсатында құрылды. Мектеп кеңістігі үш санат бойынша жиһазбен жабдықталады: кабинет, ас үй және спорт залдарға арналған  жиһаз.

Комиссия жиһаз өнімдерінің мемлекетаралық стандартқа сәйкестігін, экологиялылық, жарақат қауіпсіздігі, эргономика, сенімділік және төзімділік талаптарын бағалайды.

Мектеп жиһаздарын өндіру – бұл мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асыра алатын жоғары технологиялық процесс. Ресми статистикаға сәйкес 2023 жылғы ақпанда Қазақстан бойынша жиһаз өндіретін 1402 заңды тұлға тіркелген, бұл өткен жылдан 8%-ға кем. Жиһаз және ағаш өңдеушілер қауымдастығына 60 компания, ал Жиһаз жасаушылар гильдиясында 50 компания тұрады. Айта кету керек, тек 80 кәсіпорын индустриялық сертификатқа ие, ал көптеген компаниялар оны эксклюзивті өнім өндірісіне байланысты ала алмайды.

Сонымен қатар, эксклюзивті үй жиһаздарымен айналысатын жиһаз өнімдері нарығының шамамен 90%-ы  тиісті техникалық сипаттамаларды алған жағдайда мектеп жиһаздарын шығаруға мүмкіндігі бар. Нарықтың тек 25% сериялық өндіріс және мектептерге арналған жиһазды жеткізуде тәжірибесі бар.

Аумақтық бөліністе жиһаз компаниялары елдің барлық аймақтарында орналасқан. Бірақ еліміздің жиһаз өнімі көлемінің 30%-ы Алматы қаласында (Алматы облысын ескере отырып, 50%) өндірілетінін атап өту маңызды. Аталмыш өндірушілер Алматы қаласының оқу жиһазына деген қажеттілікті артық мөлшермен жабуға мүмкіндігі бар. Осылайша, басқа өңірлерге жеткізу кезінде құнның қымбаттауы шамамен 15% құрайды.

Samruk-Kazyna Construction жиһаз өніміне арналған материалдар бағасының қымбаттауын болдырмау мақсатында шарт шеңберінде Мердігерді жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін 30 жұмыс күн ішінде жиһаз жеткізуге шарт жасасуға және төлем үшін растайтын құжаттарды ұсынуға міндеттейді.

Балалардың физикалық денсаулығы оқу жиһазын дұрыс таңдауымен тікелей байланысты. Атап айтқанда, омыртқаның тіктігі, көру қабілеті мен эмоционалды күйін сақталуы.

Тәуелсіз ведомствоаралық комиссия жиһаз өнімдерінен басқа, жобалау кезеңі аяқталғаннан кейін мектеп кеңістігінің эскиздерін талдайды. Осылайша, ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негізінде болашақ заманауи мектептерді жарақтандырудың барлық бағыттары бойынша шешімдер қабылданатын болады.

Төрағасының блогы