«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру бойынша бірыңғай дирекция «Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2023 жылдың І жартыжылдығында нақты орындалған жұмыстар мен пайдаланылған қаражат бойынша есеп берді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы - бұл бұрын-соңды болмаған бастама әрі отандық білім беру саласын  жаңғыртудың жаңа тәжірибесі. Бағдарламаның қазіргі Қазақстан тарихында баламасы жоқ. Жобаны іске асыру процесінде нормативтік құралдар мен ұйымдастырушылық тәсілдер жетілдіріліп, маңызды құқықтық қайшылықтар жойылады. Жобаның жоғары динамикасы бірінші жартыжылдықта 108 жайлы мектепті жобалау мен салу бойынша шарт жасасуға мүмкіндік берді», - деді «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов.

Бұл нысандар бойынша бастапқы шарттардың жалпы құны 678,7 млрд теңге. Оның 10,1 млрд теңгесі ЖСҚ әзірлеуге, ал 668,6 млрд теңгесі құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген.

2023 жылдың 6 айында жергілікті атқарушы органдардан «Samruk-Kazyna Construction» АҚ шотына 245,3 млрд теңге түсті.

30 маусымдағы жағдай бойынша жасалған шарттардың талаптарына сәйкес 87,7 млрд теңге сомасына аванстық төлемдер жасалды. Оның ішінде ЖСҚ әзірлеуге 2,4 млрд теңге, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына 85,3 млрд теңге төленді.

Айта кетейік, Samruk-Kazyna Construction компаниясының ҚР ҚМ Қазынашылығында жеке арнайы шоты бар. Қаражат жергілікті атқарушы органдардан тікелей осы шотқа түседі. Оны SK Consruction мердігерлерге аванс немесе төлем ретінде аударады. Комиссиялық алымдар ұсталмайды.

Төрағасының блогы