«MetalFormer» кәсіпорны 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды, сондай-ақ Ресей, Қытай және Финляндия сияқты елдерден импортты біршама азайтуға мүмкіндік береді.

Отандық өнім шығаратын зауытқа «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы барды.

Мәулен Айманбетовке талшықты цемент панельдерін өндіру технологиясы көрсетілді. Зауыт айына бұл материалдың 75 мың м² шығара алады. Өнім экологиялық таза болып саналады, өйткені өндіріс барысында асбест қолданылмайды.

Талшықты цементтің басқа дәстүрлі материалдардан артықшылығы көп: ол ылғалға, қолайсыз ауа райына, отқа төзімді, сонымен қатар өте берік. Бұл материал -50/+50 градусқа дейінгі температураға төтеп бере алады. Қызмет мерзімі 20 жылдан асады. Алайда, Айманбетов өндіріс технологиясын жетілдіру арқылы оны 50 жылға дейін арттыруды тапсырды.

«MetalFormer» зауыты «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. ТЦП-дан бөлек, кәсіпорын жылына 7,2 мың тоннаға дейін алюминий профильдерін, 2 млн м² дейін қасбетті қаптау материалдарын және 1,5 млн м² дейін шатыр жабындыларын өндіруге қауқарлы.

2022 жылы Қазақстанда 440 мың м² шатыр жабындылары және қасбетті қаптау материалдары өндірілген, алайда импорттың үлесі әлдеқайда көп. Былтыр жалпы құны 16 млн АҚШ доллары болатын 9,3 млн м² өнім сырттан алынған.

Замануи жабдықтар мен 3 өндіріс желісінің арқасында жаңа зауыт нарықтың шамамен 20% отандық материалдармен қамтамасыз етпек. Өнімдер азаматтық, әкімшілік және өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысында пайдаланылады деп жоспарланған.

Кәсіпорынның құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталды, ал ағымдағы жылдың қыркүйек айында іске қосылмақ. Жоба өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Әдетте мұндай инвестициялық жобаларды талқылау бір жылдан астам уақыт алады.

Инвестиция сомасы – 4,2 млрд теңге. Оның 3,4 млрд теңгесін (80%) инвестициялық қызметі шеңберінде Samruk-Kazyna Construction құйды.

Осылайша, акционерлік қоғам импортты алмастыруды дамыту бағдарламасын іске асыруға елеулі үлес қосты. Құрылыс материалдарының жергілікті өндірісін арттыру арқылы импортқа тәуелділік азайып қана қоймай, тұрғын үйдің шаршы метр бағасы да арзандайды

Төрағасының блогы