«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Дағдарысқа қарсы бағдарлама және «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерге қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда SK Construction еліміздің 11 өңірінде тұрғын үй қорының 35 нысаны мен 1 бизнес-орталыққа қызмет көрсетуде. Қазір үйлерді жылыту маусымына дайындау мәселесі өзекті тұр. Бұл жұмыстарды Samruk-Kazyna Construction құрылымдық бөлімшесі – активтерді пайдалану және сату департаменті үйлестіреді.

Шымкенттегі «Адия» тұрғын үй кешенінен басқа барлық үйлерде басқару органдары құрылды, нысандарды тексеру, инженерлік желілерді жөндеу, жылыту маусымына техникалық дайындық актілерін алу және басқа да жұмыстар жүргізілуде. Толығырақ ақпарат төмендегі инфографикада берілген.

Бұдан бөлек, активтерді пайдалану және сату департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Акционерлік қоғам қызмет көрсететін объектілерге іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстарын тәмамдады. Атап айтқанда, гүл отырғызу және көгалдандыру, жарықтандыру мен велосипед тұрақтарын орнату, бордюрлерді ағарту, балалар ойын алаңдарын жөндеу және жаңасын орнату. Мәселен, Алматы облысындағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің кіреберістері ағымдағы жөндеуден өтті. Өскемендегі Есенберлин даңғылы бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің және Семей қаласындағы «Асыл» тұрғын үй кешенінің кірме жолдарына асфальт төселіп, суағарлары жөнделді. Ақтөбе қаласындағы «Батыс Премиум» тұрғын үй кешенінде кәріз құдықтары ауыстырылды. Сонымен қатар, Қоғам Қызылорда қаласындағы Демесінов көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйде, Семей қаласындағы «Асыл» тұрғын үй кешенінде және Ақтау қаласындағы 32А шағын ауданында тұрғын үй кешенінде инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Төрағасының блогы