Оған «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

 

Іс-шара компанияның сыбайлас жемқорлық саясатын жүзеге асыру және нығайту мақсатында Samruk-Kazyna Construction басшылығының бастамасымен ұйымдастырылды.

 

Семинарға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС және «ПГУ Түркістан» ЖШС қызметкерлері қатысты. Спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция қызметінің сарапшысы Аслан Айдарханов сөз сөйледі.

Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын түсіндірді, қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша консультация өткізіп, қызметкерлерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына ерекше назар аударылуда. Сондықтан, бұл бірінші семинар емес. Осындай кездесу ағымдағы жылдың наурыз айында өткізілген еді. 

Тиісті заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін Samruk-Kazyna Construction компаниясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бақылаушы жұмыс істейді. Сондай-ақ, парақорлық пен алаяқтық фактілерінің алдын алу және анықтау мақсатында «жедел желі» іске қосылған.

«Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС Бас директоры Нұрлыбек Өтеубаевтың сөзінше, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін барлық қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайлары қамтамасыз етілген.

Мысалы, жайлы мектептердің құрылысын техникалық қадағалауға арналған конкурста жеңіске жеткен ұйымдар өз сарапшыларының айлығын көтеруге міндеттелді. Өңірлерде техникалық қадағалау мамандарының лауазымдық жалақысы 175 АЕК немесе 603 750 теңгеден кем болмауы тиіс, ал Астанада және республикалық маңызы бар қалаларда 235 АЕК немесе 810 750 теңгеден төмен болмауы шарт. Бұл сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапалы қадағалауды қамтамасыз ету үшін қажет.

Сыбайлас жемқорлық – үздіксіз зерттеуді, жүйелі және кешенді күресті қажет ететін қоғамдағы теріс құбылыс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қабылдана салысымен бұл кеселдің алдын алу және және парақорларды жазалау бойынша ақылға қонымды шаралар жүйесі құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам белсенділік танытуы тиіс. Бұл үшін халық пен лауазымды тұлғалардың санасында «нөлдік төзімділік» ұстанымын қалыптастыру маңызды.

Төрағасының блогы